Жаңалықтар

«Ақжайық» бапкерлері жалақысын ала алмай жүр

ашық дереккөзі

«Ақжайық» бапкерлері жалақысын ала алмай жүр

«Ақжайық» футбол клубының бапкерлер штабы тамыз айынан бері жалақы алмаған деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Вконтакте желісіндегі «Я там, где КПЛ» парақшасы ақпарат таратты. «Клуб басшылығы жалақысын талап еткендерді жұмыстан шығарамыз деп қорқытып отыр. Ең қызығы, «Ақжайықтың» негізгі командасына жалақы төленген. Клуб сапында 15 шетелдік ойыншы бар. Бірақ олардың қазақ футболына тигізіп жатқан пайдасы жоқ. Осылайша, бір клубтың ойыншылары екі топқа бөлінеді. Дәл осы жағдай дубльде де қайталанған. Жаттықтырушылар, футболшылар және жастар құрамасының қызметкерлері екі айдан бері жалақысыз жүр», деп жазылған ақпаратта.