IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан алғашқы жүлдесін еншіледі

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан алғашқы жүлдесін еншіледі

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан алғашқы жүлдесін еншіледі
ашық дереккөзі
Бүгін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржыны алғашқы медальмен толықты. Садақшы Қасымхан Қанат дәстүрлі садақ ату жарысында күміс медаль еншіледі деп хабарлады turkystan.kz. Дәстүрлі садақ ату жарысына әлемнің 32 елінен 135 спортшы қатысты. Ерлер арасында үздік 16 мергеннің тізіміне Қазақстанның үш өкілі енді: Қасымхан Қанат, Әли Сессигузель және Азамат Нұртаев. Қасымхан Қанат осы ойындар тарихында тұңғыш рет әлемнің үздік мергендерімен бәсекелесе отырып, финалға жолдама алды. Соңғы сайыста ол жарыс қожайыны – Оғыз Оқшыға жол беріп қойды. Шешуші кезеңде отандасымыз түрік спортшысынан небәрі екі ұпайға қалыс қалып, күміс медаль жеңіп алды. Бұл марапат - Қазақстан спортшыларының дәстүрлі садақ ату жарысындағы алғашқы жоғары жетістігі.