Футболшы балалардың ата-анасы Президентке хат жолдады

Футболшы балалардың ата-анасы Президентке хат жолдады

Футболшы балалардың  ата-анасы Президентке хат жолдады
ашық дереккөзі
«Астана» футбол клубының орталығында тәлім алып жатқан балалардың ата-анасы Президентке ашық хат жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Хатта орталықтағы жаттығатын балаларға ешқандай жағдай жасалмағаны айтылған. Арнайы алаңдары жоқ. Сондай-ақ орталық басшылары «Астана» футбол клубының академиясын ашатынын айтқан. Алайда ол да құрғақ уәдеге айналған. Бұл туралы журналист Ермұхамед Мәулен Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Миллиардтаған бюджеті бар клубтың осындай аянышты халге түсуі немен байланысты? Әлбетте айқын мақсаттың жоқтығы, бір күндік нәтижеге ұмтылудың салдары. 6 ай қыс болатынын ешкім білген жоқ дейін десең ол да қисынсыз. Жыл сайын -40 градус суық болатынын бәрі біледі. Біле тұра ешкім әрекет етпеген. Енді жеткіншектер қайда жаттығады?», - деп жазды ол.
 width=  width=  width=