Жаңалықтар

Желтоқсан айындағы мереке күндерінің саны екі күнге қысқарады

ашық дереккөзі

Желтоқсан айындағы мереке күндерінің саны екі күнге қысқарады

2022 жылғы 29 қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға енгізілген өзгеріс бойынша, желтоқсан айында мереке күндерінің саны екі күнге қысқарады деп хабарлады 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Сонымен қатар биылдан бастап Тәуелсіздік күні бір күн – 16 желтоқсан күні тойланады. Ал заңның бұрынғы нұсқасында екі күн – 16 және 17 желтоқсан демалыс болған еді.