Жаңалықтар

«Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрме өтті

ашық дереккөзі

«Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрме өтті

Биыл Түркия мен Қазақстанның дипломатиялық байланыс орнатқанына 30 жыл толады. Осы орайда, Нұр Сұлтандағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Түркияның Қазақстандағы Елшілігі мен ҚР Ұлттық музейдің қолдауымен «Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрме ұйымдастырды. Көрмеге Гөбеклітепеде табылған 30 фото қойылды. Салтанатты іс-шараның ашылуына Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, дипломатиялық корпус өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер қауым  және оқушылар қатысты.