Қазақ радиосында Әбдірәлі Бөлебай атындағы студия ашылды

Қазақ радиосында Әбдірәлі Бөлебай атындағы студия ашылды

Қазақ радиосында Әбдірәлі Бөлебай атындағы студия ашылды
ашық дереккөзі
1 қазан - Радио күні қарсаңында Қазақ радиосында телевизия және радио ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай атындағы студия ашылды деп хабарлады turkystan.kz. Радиостудияның ашылу салтанатына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысып, Әбдірәлі Бөлебайдың отандық журналистикадағы еңбегі туралы атап өтті.
«Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Мемлекет басшысы 1 қазанды Радио күні деп жариялады. Ең әуелі баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтаймын. Осы атаулы күн қарсаңында Әбдірәлі Бөлебай атындағы студияны ашу ғасырлық тарихы бар Қазақ радиосының ұлағатты ісі.  Әбдірәлі Бөлебайдың дауысы жадымызда, санамызда жатталып қалды. Өмірінің соңына дейін қарашаңырақта қызмет етіп, «Алтын қорға» 500-ге жуық хабар қалдырды. Қазақ журналистикасындағы Әбдірәлі Бөлебай есімі ұмытылмайды», - деді министр.
Әбдірәлі Бөлебай ұзақ жылдар бойы Қазақ радиосында, «Qazaqstan», «Хабар» телеарналарында, Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенінде  қызмет атқарды.