Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды
ашық дереккөзі
Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Астанада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XX съезі өтті. Жиналыста партия мүшелері Жигули Дайрабаевтың алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде кандидатурасын қолдады. Жигули Дайрабаев – «Атамекен» ҰКП Төралқасы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы және Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы.
«Құрметті партияластарым, сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын. Бар күшімді Қазақстанның және агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына саламын», - деді Дайрабаев.
Қазақстан фермерлері қауымдастығы сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Жигули Дайрабаев 68 жаста. Үйленген, үш баласы мен жеті немересі бар. Еске сала кетсек, Қазақстанда кезектен тыс сайлау биыл 20 қазанда өтеді.