Жаңалықтар

Адам есінеген кезде қасындағы ит те есінейтінін білесіз бе?

ашық дереккөзі

Адам есінеген кезде қасындағы ит те есінейтінін білесіз бе?

Қасыңызда тұрған итіңізге немесе итке қарап есінеп көріңіз, ол да сізді қайталап есінейді. Ақылға қонымсыз болса да, ит секілді санаулы жануарларға ғана адамның есінеп тұрғанын көріп, өздері де есіней алады екен. Бір қызығы, иттер біздің есінеп тұрған түрімізге не әрекетімізге қарап қайталамайды. Олар есінеген сәттегі дауыс ырғағына қарай есінейді. Демек, иттердің жанашырлық танытатын қабілеті бар екенін осы бір эксперимент дәлелдеп тұр. Португалиядағы Порто университетінің ғалымдары иелерімен кем дегенде жарты жыл бірге тұрған 29 итті таңдап алып, тәжірибе жүргізген. Себебі иттер өздері қауіпсіз жерде және таныс иесі болған кезде тәжірибе жасауға іштей «келісім» беретін болған. Яғни иттер өздеріне таныс үйде және иесімен бірге тәжірибеге қатысқан. Тек олар иелеріне тікелей жақындамайды. Биолог Карин Силва бастаған ғалымдар тобы ит иелерінің есінеген кезіндегі дауыстарын және компьютер арқылы жасанды жасалған есіну дауысын көшіріп алады. Кейін әр ит апта сайын екі рет есінеген дауысты естіп отырған және арасында бір аптаға демалыс алған. Ғалымдар есінеген дауыс арқылы иттерді бақылап, олардың керіс байланысын да аңдыған. Эксперимент кезінде 29 иттің 12-сі дауысты естіп есінеген. Орта есеппен иттер есінеген сәттегі дыбысты естіген сайын бес рет қайталап отырған. Бұл иттердің адамға деген жанашырлығының, ерекше сезім қасиеті барын дәлелдеген.