Жаңалықтар

Жаңа дизайндағы 20 мың теңгелік банкнот айналымға шығады

ашық дереккөзі

Жаңа дизайндағы 20 мың теңгелік банкнот айналымға шығады

1 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі номиналдық құны 20 000 теңгелік банкнотты айналымға шығарады деп хабарлады turkystan.kz ведомствоға сілтеме жасап. Банкнот айналымдағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған. Мысалы, бет жағында көбіне тігінен орындалған бейнелер, сырт жағында көлденең орындалған бейнелер орналасқан. Дизайны номиналдың голографиялық бейнесі тігінен орналасқан металсыздандырылған жолақты қолдана отырып жасалған. Банкноттың 25 қорғаныш элементі бар, мөлшері 155х79 мм және сұр түске басымдық берілген.