Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
Синоптиктердің мәліметі бойынша, бүгін, 30 тамыз күні солтүстік антициклонның әсерінен елдің солтүстігінде, оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады деп хабарлады turkystan.kz. Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның батысында жаңбыр, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығысында қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, шығыста көктайғақ болады. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік- шығыстан жел соғады, түнде күші 2-7, күндіз 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде -6- 8°С, күндіз +3+5°С болады. Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +15+17°С болады. Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С болады.