«Қазфосфат» фабрикасында жұмысшы көз жұмды

«Қазфосфат» фабрикасында жұмысшы көз жұмды

«Қазфосфат» фабрикасында жұмысшы көз жұмды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы фабриканың шатыры опырылып, бір жұмысшы қаза тапты. Тағы үш адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

13 қыркүйек күні сағат 16:20 шамасында Сарысу аудандық полициясының кезекші бөліміне «Қазфосфат» ЖШС тиесілі орталық байыту фабрикасы ғимаратының шатыр плитасы құлағаны туралы ақпарат түсті. Ғимарат ішінде жұмыс істеген үш қызметкер түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға салдарынан кәсіпорынның 58 жастағы жұмысшысы оқиға орнында қаза тапқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, еңбек инспекциясы арнайы тексеру жүргізеді.