Жаңалықтар

Ұлыбритания елшісі тоғызқұмалақ ойнап, қазақша сұхбат берді

ашық дереккөзі

Ұлыбритания елшісі тоғызқұмалақ ойнап, қазақша сұхбат берді

«Оян!» таңғы хабарының тілшісі еліміздегі елшілерге ұлттық ойын үйрете отырып, сұхбат өрбітіп жүр деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Мәселен, Ұлыбритания елшісі Кэти Лич ұлттық ойынды ғана емес, қазақ тілін де үйреніп алған. Сұхбаттың денін біздің тілде беруге тырысқан. Қазақстандағы біраз шендіге үлгі болар шетелдік саясаткер Қазақстанға ІІІ Чарльз патшаның келу ықтималдығын да тілге тиек етті», - делінген жазбада. Видеода шетелдік елшінің бастапқыда қазақша тәп-тәуір сөйлеп бергенін тыңдай аласыз. Қазақстанға келгеніне бір жыл болған ол бірнеше сұраққа қазақша мардымды жауап берді. Өзінің айтуынша, оған әлі де көп үйрену керек. «Өкінішке қарай, қазақ тілін үйренудегі прогресім баяу. Бірақ сабақтарымды жалғастырамын. Тырысып жүрмін», - дейді Кэти Лич.