Жаңалықтар

Жас кинематографтар Қаңтар оқиғасы жайлы фильм түсірді

ашық дереккөзі

Жас кинематографтар Қаңтар оқиғасы жайлы фильм түсірді

Елорданың жас кинематографтары Қазбек Рүстембеков, Еламан Шаубанов және Дүйсен Қалымжанов қаңтардағы оқиғаларды арқау ететін үш өткір әлеуметтік көркем қысқаметражды фильмді жарыққа шығарды деп хабарлады turkystan.kz. Киноальманах «Байқа», «Сақта», «Қара» деп аталатын үш бөлімнен тұрды. Фильмде отбасы мәселесі, патриотизм және қоғамдағы өзге де құндылықтар жайлы тақырыптар қамтылған. Бірінші фильм краудфандинг арқылы түсірілсе, қалған екеуі «Евразия» қорының қолдауымен жарыққа шыққан. 5 минуттық  «Байқа» фильмінде құқық қорғау жүйесінің ашкөз, қасаң пікірдегі адамдарына қарсы тұруға мәжбүр болған патрульдік полиция қызметкерінің хикаясы суреттеледі. Көркем шығарма кез келген жағдайда әділдіктен танбауға тырысқан басты кейіпкердің жұмыс барысын баянадайды. Кинотеатрда өткен жабық көрсетілімге жиылған қауым туындыны тамашалап болғаннан кейін өз пікірлерін ортаға салды. Фильмді түсіру кезінде кеткен олқылықтар мен авторлардың шеберлігі жайлы пікірлер айтылды. Авторлардың айтуынша, қысқаметражды фильмдер жақын күндері әлеуметтік желілерге жүктеледі.