Жаңалықтар

65000 доллар мен 2 млн теңге тауып алған алматылықтың адалдығы жұртты сүйсінтті

ашық дереккөзі

65000 доллар мен 2 млн теңге тауып алған алматылықтың адалдығы жұртты сүйсінтті

Ат басындай алтынның жолында арын сатудан тайсалмайтын адамдар көбейген заманда көлденең олжаға жүгірмейтін, тек адал асты ауызға салатын  жандар саусақпен санарлық. Солардың бірі – Әбен Нарынбаев. Алматы қаласындағы телеарналардың бірінде оператор болып жұмыс істейтін азаматтың таңғаларлық ісі көпшілікті сүйсінтпей қоймады. 4 баланың әкесі  65000 доллар мен 2 млн теңге тауып алып, иесіне қайтарып берген деп хабарлайды NUR.KZ.

Әбеннің айтуынша, жұмысқа кетіп бара жатып, жол бойынан такси тоқтап тұрған ер мен әйел адамды байқап қалады. Оператор жолаушыларды көлігіне отырғызып, айтқан жеріне дейін апарып тастауға келіседі.

«Жолда ерлі-зайыпты такси тоқтатты. Олар жол бойы бір-бірімен ұрысып барды. Мен ертерек құтылғым келді", - деген Әбен Нарынбаев олар қолындағы ақша толы сөмкелерін өзінің көлігіне қалдырып кеткенін айтады.

"Жолаушыларды түсіріп өз жөнімен кете бергенде, бірден телефон шылдырлады. Мен ойладым жаңағы кісілер телефонын қалдырып кеткен екен деп. Көлігімнің артына қарасам орындықта сөмке жатыр. Тоқтап сөмкені ашып қарағанда бірінші қолым түскені екі миллион теңге, ал оның астында долларлар жатыр", - деген азамат қомақты сома тауып алғанда түрлі ойлар келгенін жасырмайды.

Алайда сол сәтте ойламаған жерден анасы хабарласып қалып, ер адам анасына болған жайды бұқпасыз баяндайды. Ал анасы бірден ұлына ақылын айтып, сол адамдарды тауып алып қаржысын өздеріне қайтаруын талап етеді.

Әбен анасының айтқанын орындап, жоқ іздеген жандарды тауып, ақшасын апарып береді. Ал қомақты соманың иелері оператор жігітке рақметін айтып, 1000 теңге ұстатып, кетіп қалады. Алайда ер адамның жақсылығын түсінген қомақты қаржының иелері Әбенге қайта қоңырау шалып, болған жайды түсіндіріп, 50 мың теңге сыйақы беріпті.