Жас қари Құранды жатқа айтып, көлік жеңіп алды

Жас қари Құранды жатқа айтып, көлік жеңіп алды

Жас қари Құранды жатқа айтып, көлік жеңіп алды
ашық дереккөзі
Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ республикалық байқауы өтті деп хабарлады turkystan.kz muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.  80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сауапты іс-шараға демеушілік жасаған Бахаридин Аблязимов, зиялы қауым өкілдері қатысты.  width=
«Аллаға сансыз шүкірлер болсын, жасынан Құран жаттаған қарилардың байқауын қорытындылап, марапаттап отырмыз. Осы байқауды өткізуге атсалысқан ҚМДБ ұжымы мен Қызылорда облыстық өкілдігіне, қариларды бастап келген облыстардың бас имамдары мен барша дін қызметкерлеріне, демеуші болған Бахаридин Нұғманұлына, Сәдуақас Олжабаев қариымыз бастаған әділқазы мүшелеріне алғысымды білдіремін. Байқауға қатысқан қариларымыздың бәрі жеңімпаз атанды деп санаймын. Өйткені бұл байқау әрбір қариға үлкен жігер сыйлады. Жүлделеріңіз құтты болсын», - деді Бас мүфти марапаттау сәтінде.
ҚМДБ Төрағасы байқауды ұйымдастырған азаматтар мен әділқазы мүшелерін алғыс хатпен марапаттады. Қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей: Құранды жатқа айтудан бірінші орын алған жамбылдық Иманәлі Мырзагелді автокөлік жеңіп алды. ІІ орын (3 000 000 теңге) – Нығматулла Абдазимов (Алматы қаласы) ІІІ орын (2 000 000 теңге) – Рауашан Хабиолла (Батыс Қазақстан облысы) ІV орын (1 000 000) – Нұртілеу Сейітқасым (Алматы облысы) V орын (700 000) – Абай Шыңғысұлы (Қостанай облысы)  width= «Мәнерлеп оқу» бойынша: І орын ( 700 000 теңге) – Арман Жамбылұлы (Атырау облысы) ІІ орын (500 000 теңге) – Азамжан Ысмайыл (Астана қаласы) ІІІ орын (300 000 теңге) – Баубек Бектұрғанов (Алматы қаласы)  width= Ал «көрермен көзайымы» аталымы бойынша ынталандыру сыйлығы (500 000) Қызылорда облысынан қатысқан Аюбай Нұр-Мұхаммед қариға бұйырды. Еске салсақ, екі күнге созылған Құран байқауы «Munara TV» телеарнасынан тікелей эфирде, «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан және Мүфтияттың Instagram-дағы @muftiyatkz парақшасынан онлайн көрсетілді.