Алматыда көлік жүргізушісі студент қызды қағып кетті (ВИДЕО)

Алматыда көлік жүргізушісі студент қызды қағып кетті (ВИДЕО)

Алматыда көлік жүргізушісі студент қызды қағып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде алматылық қызды жоғары жылдамдықпен көлік қағып кеткен  видео тарады деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«28 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында Lada көлігін тізгіндеген К. есімді азамат Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып,  2002 жылғы қызды жоғары жылдамдықпен қағып кетті. Жаяу жүргінші жол апаты салдарынан дене жарақытын алып, ауруханаға жеткізілді», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Аталған факті бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеуге амалдарын жүргізуді бастады.