Алматыда көлік жүргізушісі студент қызды қағып кетті (ВИДЕО)

29 қыркүйек, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Алматыда көлік жүргізушісі студент қызды қағып кетті (ВИДЕО) Әлеуметтік желіде алматылық қызды жоғары жылдамдықпен көлік қағып кеткен  видео тарады деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«28 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында Lada көлігін тізгіндеген К. есімді азамат Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып,  2002 жылғы қызды жоғары жылдамдықпен қағып кетті. Жаяу жүргінші жол апаты салдарынан дене жарақытын алып, ауруханаға жеткізілді», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Аталған факті бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеуге амалдарын жүргізуді бастады.