Макгирт рингте бір-біріне қол көтермеген екі қазақ боксшы туралы айтты

Макгирт рингте бір-біріне қол көтермеген екі қазақ боксшы туралы айтты

Макгирт рингте бір-біріне қол көтермеген екі қазақ боксшы туралы айтты
ашық дереккөзі
Атақты америкалық жаттықтырушы Джеймс «Бадди» Макгирт Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек өткізуі екіталай деп есептейді деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Макгирттің айтуынша, қазақстандық боксшылар спарринг-сессия кезінде де бір-біріне қарсы шықпауды жөн көреді.
«Мен қазақстандықтар бір-бірімен жұдырықтасатынына күмәнім бар. Олар, тіпті, бір-бірімен спарринг өткізбейді. Бұрын мұны білмеген едім. Бірде екі қазақстандықты бір-бірімен шығарып көрдім.  Нәтижесінде, олар жай рингте айналып жүрді. Оларға: «Жігіттер, біреуіңнің соққы жасайтын ойларың бар ма?» дедім.  Олар маған: «Бадди», біз бір-бірімізбен спарринг жасамаймыз деп айтты», – деп бөлісті жаттықтырушы  EsNews-ке берген сұхбатында.