Жаңалықтар

«Хәрри Поттер» есімді кейіпкерді Роулиңке дейін ойлап тапқан

ашық дереккөзі

«Хәрри Поттер» есімді кейіпкерді Роулиңке дейін ойлап тапқан

Жоан Роулиң «Хәрри Поттер» есімді кейіпкерді ойлап тапқан бірінші автор емес. 25 жыл бұрын польшалық автор бұл кейіпкерді шығармасында суреттеген. «Хәрри Поттер» туралы әңгіме 1972 жылы 19 наурызда Žycie Literackie атты Польшаның әдеби журналында жарияланған. Шығарманы авторы ақын әрі қысқа әңгімелер жазудың шебері – Ян Ростворовский (1919-1975). Автор өзінің еңбегін Роулиңнің «Хәрри Поттер мен пәлсапа тасқа» дейін 25 жыл бұрын жариялаған. Бір қызығы, Янның кейіпкері Хогуартстан хат алмайды. Ол шұжық пен тұзды қияр сататын дүкеннің иесі болған. Көп сөзге жоқ, «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап беретін жан. Кейін аяқастынан жоғалып кетеді. Богуслав Ростворовский (Янның ұлы) айтуынша, бұл оқиға оның үйге дүкеннен ағылшын шұжығын алып келген сәттегі әсерін еске түсіру болған. Хәрри Поттер кейіпкер ретінде дүкеннің иесі болуы керек еді.