Интернетке тәуелділік, кибербуллинг және лудоманиямен қалай күресу керек?

Интернетке тәуелділік, кибербуллинг және лудоманиямен қалай күресу керек?

Интернетке тәуелділік, кибербуллинг және лудоманиямен қалай күресу керек?
ашық дереккөзі
Бұл тақырыпты Қытай, Әзербайжан, Ресей және Қазақстанның сарапшылары тәжірибе алмасуға арналған халықаралық онлайн алаңның екінші отырысында талқылады. Сонымен қатар «Жастар мен балалар арасында интернет және YouTube-тәуелділіктер мен құмар ойындардың алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасы шеңберінде шетелдік тәжірибелерді енгізу турасында пікір алмасты. «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Жетпісбаев Нұржан талқыланған тақырыптың маңыздылығы мен осы жобаның мақсатына тоқталды.
«Бірінші отырыста атап өтілгендей, біздің онлайн алаңымыздың мақсаты - жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік, кибербуллинг және лудомания мәселелерін реттеу саласында тәжірибе алмасу және шетелдік тәжірибелерді енгізу. Бүгінгі тақырып аса өзекті болып табылады. Өйткені жастар кибербуллингке және лудоманияға жиі ұшырайды. Біз жоғарыда аталған тәуелділермен күрес бойынша шетелдік сарапшылармен бірлескен алгоритм әзірлеуді жоспарлап отырмыз», - деді Нұржан Жетпісбаев.
Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының Әлеуметтану институтының кіші ғылыми қызметкері Гао Вэньцзюнь интернетке тәуелділікпен күресу тәжірибесі туралы толығырақ айтып берді.
«Біз жасөспірімдерге интернетке тәуелділік қаупін жүйелі түрде азайту бойынша бірнеше ұсыныстар жасадық. Біріншіден, бұл заңға сәйкес негізгі жауапкершілікті іске асыру және интернеттен қорғаудың көпжақты бірлескен құрылымын қалыптастыру. Екіншіден, платформаны басқаруды күшейту және желідегі кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын ақылмен бағыттау. Үшіншіден, интернет-сауаттылыққа оқытуды күшейту және оны міндетті білім беру деңгейіндегі міндетті пәнге айналдыру. Төртіншіден, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қорғау үшін отбасылық қорғаншылық міндеттерін орындау және қоғамның қамқорлығын нығайту. Бесіншіден, интернетке тәуелділік, кибербуллинг, интернет-қудалау, желілік порнография, интернет-алаяқтық және интернеттегі құпиялылық сияқты негізгі тәуекелдерді қатаң бақылау», - деді ол.
Әзербайжандық сарапшы, «Kapital Bank» киберқауіпсіздік жөніндегі маманы Амина Гаджиева кибербуллинг мәселелерінде балалармен және жастармен жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.
«Технология мен интернет мәселе емес. Нақты мәселе - оны басқаларға зиян келтіру үшін қолданатын адамдар. Интернеттегі басқа адамдарға дөрекілік, жасөспірімдер / балалар мәселенің бір бөлігіне айналады. Сондықтан оларды осы тұрғыдан оқытуды қажет етеді», - деді сарапшы.
Клиникалық психолог, гемблинг-аддиктолог Хасанов Руслан аталған мәселелерге психологиялық тұрғыдан тоқталды.
«Тәуелділік 2 түрге бөлінеді. Химиялық және химиялық емес тәуелділік. Химиялық тәуелділік, бұл - химиялық заттарға тәуелділік. Яғни, алкоголь мен есірткі. Химиялық емес тәуелділіктер мінез - құлық болып табылады. Бұл ономания, сонымен қатар шопоголизм, клептомания, нимфомания, лудомания, интернетке тәуелділік және басқалар», - деді клиникалық психолог және құмар ойындарға тәуелділік жөніндегі маман.
Сондай-ақ осы жоба аясында балалар мен жасөспірімдердің білімін арттыру және интернетке тәуелділігінің алдын алу мақсатында «GalamTOP» онлайн курстары өткізілді. Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік, құмар ойындары және кибербуллинг деңгейі жоғары өңірлерді анықтау үшін 32 фокус-топтық талқылау жүргізілді. Сондай-ақ жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша материалдарды тарату бойынша @GalamTOP Telegram арнасы жұмыс істейді.