Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі жарияланды
29 қыркүйек, 2022 /
Эльмира Ағабек
Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі жарияланды
Transfermarkt әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингін жаңартты.
ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе рейтингінің көш басында тұр. Оның нарықтағы бағасы – 160 миллион еуро.
Екінші орында - «Манчестер сити» мен Норвегия құрамасының сұрмергені Эрлинг Холанд. Оның бағасы – 150 миллион еуро. Үздік үштікті мадридтік «Реал» мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Жуниор Винисиус қорытындылады.