Ресейліктердің келуі: министр ХҚКО-дағы жағдайды көруге барды

Ресейліктердің келуі: министр ХҚКО-дағы жағдайды көруге барды

Ресейліктердің келуі: министр ХҚКО-дағы жағдайды көруге барды
ашық дереккөзі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астана әкімдігімен  «Жастар» сарайында жедел түрде ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, жағдаймен танысып қайтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Аталған Халыққа қызмет көрсету орталығы негізгі орталықтарға түсетін жүктемені азайту үшін ашылған болатын. Қазіргі уақытта өз отандастарымызға бірінші кезекте, кедергісіз, штаттық режимде қызмет көрсетіліп жатқанын атап өткім келеді. Ресей Федерациясынан келген азаматтар санының көптігінен, операторлар ұзын-сонар кезекте тұрғандарды қабылдап үлгермеуде» деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Бағдат Мусин Оның айтуынша, енді ЖСН алуға өтініш берген адамдар ХҚКО-ға екінші рет келудің қажеті жоқ. ЖСН телефон нөміріне 1414 қызметінен СМС-хабарлама түрінде жіберілетін болады.
«Бұл дайын ЖСН алу үшін кезекте тұрған барлық ХҚКО клиенттеріне қатысты. Бұл өз кезегінде адамдардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарында шоғырланбауының алдын алады. Бүгін біз екінші деңгейлі банктерге ЖСН деректер базасында берілетіні туралы ақпаратты жеткіземіз, нөмірді енгізген кезде кез-келген азамат туралы ақпарат автоматты түрде шығатын болады. Бүгінгі күнге дейін жағдай былай өрбіді: Ресей азаматтары ХҚКО-ға келіп, құжаттарын ұсынады. Олардың деректері базаға енгізілгеннен соң, олар екінші күні ЖСН алуға  ХҚКО-ға қайта барады. Бұл олардың да, ХҚКО операторларының да көп уақытын алатын. Сонымен қатар, ғимараттағы адам санының көптігіне себеп болады. ХҚКО қызметкерлеріне ештеңеге қарамастан, жедел түрде қызмет атқарып жатқандары үшін  алғыс айтқым келеді. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз», - деді Мусин.
 width=