Жапонияда неге «бағдаршамның көк түсі бар» дейтінін білесіз бе?

Жапонияда неге «бағдаршамның көк түсі бар» дейтінін білесіз бе?

Жапонияда неге «бағдаршамның көк түсі бар» дейтінін білесіз бе?
ашық дереккөзі
Бағдаршамның жүруге рұқсат беретін белгісі жапон тілінен аударғанда «көк сигнал» деген мағынаны білдіреді. Жапониялықтардың «бағдаршамның көк түсі бар» дейтіні де содан болса керек.  Бір қызығы, Жапонияның көшелерінен көк түсті бағдаршамды таппайсыз. Өзге елдегі сияқты бұл мемлекетте де қызыл, сары, жасыл деген стандарт сақталған. Тарихқа шегініс жасар болсақ, 1968 жылы 8 қарашада Вена конвенциясында бірнеше ел бірлесе отырып, халықаралық стандартқа сай жол белгілерін бекітті. Десе де, Жапония жалпы қағидаға бағынбай, бағдаршамның жүруге рұқсат беретін белгісін жасыл емес, көк түс етіп белгіледі. Бірақ араға бес жыл салып бұл елдің басшылары қайта бас қосып, қалыпты бағдаршам түсіне өтті. Оның себебі – көк түс қашықтықтан көрінбей, жүргізушілерді біраз әбігерге салған. Алайда тұрғындар бағдаршамның жасыл түсін «ао сингу» – «көк сигнал» деп атап кеткен. Бұл жерде жапон халқының мәдениеті де өз септігін тигізген. Елде жасыл түсті көк түстің бір реңкі деп қабылдайды.