Алматыда 18-қабаттан құлаған жасөспірім көз жұмды

Алматыда 18-қабаттан құлаған жасөспірім көз жұмды

Алматыда 18-қабаттан құлаған жасөспірім көз жұмды
ашық дереккөзі
Алматыда 15 жастағы жасөспірім 18-қабаттың терезесінен құлап, қаза болды деп хабарлады turkystan.kz.
«18-қабаттағы пәтер терезесінен құлау салдарынан 2007 жылы туған жасөспірім қаза болды. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды", - деді қалалық Полиция департаменті өкілдері.