Түрік сериалдарында басты рөлді сомдап жүрген қандасымыз Баһадүр

Түрік сериалдарында басты рөлді сомдап жүрген қандасымыз Баһадүр

Түрік сериалдарында басты рөлді сомдап жүрген қандасымыз Баһадүр
ашық дереккөзі
Баһадүр Хакім – Түркияға есімі белгілі актер. Он шақты фильмге түскенімен қоса, бірнеше жобада продюсер қызметін атқарған білікті маман. Қазақтың атын әлемге танытуды мақсат еткен ол Қазақстаннан Түркияға келген қазақ кәсіпкердің хикаясын қағазға түсіріп, кейін оны түрік режиссерлерге ұсынып, ақырында ол кинода басты рөлді сомдап шыққан. Баһадүр соңғы жеті жылда «Үш аймақ төңкерісінде» көтеріліс басшысы болған Тәкіман батыр туралы «Атажұрт жолында» деген атпен фильм түсірумен айналысып жүр. Бұл фильмге қажет деректерді жинау үшін жуырда Қазақстанға келген қандасымызға хабарласып, аз-кем сұхбаттасқан едік. – Өнер адамдары «Қай театрда жақ­сы режиссер болса, сол театрдың бағы ба­сым» дегенді жиі айтады. Сол секілді әр­тістің оқуын оқымаған сіздің өмір жо­лыңызда жақсы режиссер кезіккен соң кино әлемінде бағыңыз жанды деу­ге бола ма? – Дәл солай. Жалпы, мен Измирде туып-өс­тім. Ыстанбұлдың Зейтүнбурны ауданында орта мектеп, одан соң лицей бітірген соң ең­­­бекке араласуға тура келді. Себебі сол сәт­те әкем мен анам ажырасқан соң үйдегілерге жәр­демдесіп, қарайласу керек болды. Ол уа­қытта тері өңдеу ісімен айналыстым. Басқа да жұмыстар істедім. Сол кезде Түркиядағы та­нымал режиссер, әйгілі «Көкжалдар ме­ке­ні» фильмінің продюсер-режиссері Осман Си­нав Ekmek teknesi фильміне түсуге ша­қыр­ды. Онда мен Америкадан колледж біті­ріп келген қытай жігітінің рөлін сомдадым. Сөйтіп, 2002 жылдан бастап кино әлеміне ендім. Бәлкім, Құдай берген талант болар. Әр­тістің оқуын оқымасам да, он шақты ки­ноға түсіп, барлығында сәтті ойнап шықтым. Түр­кияда ең жақсы не екенін білесіз бе? Ма­ман­дығың болсын, болмасын, оқы, оқы­ма, қалаған жұмысыңды істеуге мүмкіндік бар. Мысалы, сіз Қазақстанда журналист бол­саңыз, Түркияда актриса бола аласыз. Ал Қа­зақ­станда олай емес, тек мамандық бойын­­­ша жұмысқа қабылдайды екен. Қазақ­стан­ға жиі келгендегі байқағаным – егер ма­ман­дығың әртіс болмаса, киноға түсе ал­май­сың, тіпті массовкаға да жарамайсың. Адам­ның таланты бар ма, жоқ па, шаруасы жоқ. Ал Түркияда тіпті қара жұмыс істесеңіз де, режиссер сіздің талантыңызды байқап қал­са, сізге лайық рөлге, тіпті басты рөлге бе­кітеді.  width=– Көбіне жапонның, кәрістің не қы­тай­дың рөлдерін сомдасаңыз да, бір сұх­батыңыздан үнемі қазақ екеніңізді сез­діріп жүретініңізді оқығаным бар. Қа­зақ екеніңізді қалай білдіртесіз сон­да? – Мысалы, бір кинода қытайша сөйлеу ке­рек болса, арасына қазақша сөздер қоса­мын. «Сәлеметсіз бе?», «Қалайсың?», «Не дей­с­ің?» деген сөздерді жиі айтамын. Себебі ай­налам менің қытай емес, қазақ екенімді бі­ліп жүргенін қалаймын. – Ал сіз басты рөлде ойнаған Istan­bul'­da Aşık Oldum (Ыстанбұлда ғашық бол­дым) фильмінде Қазақстаннан Түркияға жұмыс істеуге келген Қайрат атты жігіттің рөліне қалай бекітілдіңіз? – Ол киноның идеясын мен таптым. Сөй­тіп, синопсисін жазып, Түркияның ұлт­тық телеарнасы TRT Avaz өкілдеріне апарып көр­сеттім. Оларға бұл идеям бірден ұнады. Сосын олардың сценаристері тарқатып, жаз­ған соң бұл көпшілік асыға күтетін сериалға айнал­ды. Мен онда басты рөлді ойнап қана қой­май, продюсер қызметін атқардым.  width=– Ол синопсисті жазуға не түрткі бол­ды? Ол идея қайдан келді? – Түркияда өссек те, түбімізді, тегімізді бі­ліп өстік. Түбі бір түркілер екенімізді жас­тайы­мыздан білдік. 2010 жылдан бастап ішім­де қазақы рух көтеріліп келе жатқанын бай­қадым. «Түркияда қайтсем қазақтың атын шығара аламын» деп ойландым. Мы­са­лы, боксшылар чемпион ата­нып, Қазақ­стан­ның Туын көкке көтереді. Димаш Құдай­бер­ген де өнер арқылы Қазақстанды күллі әлем­ге танытты. Сол секілді мен де актерлік жұ­мыс арқылы қазақтың атын шығаруды көз­дедім. Оның үстіне, егемендігін алған соң Қа­зақстанға жиі келуді  width=шығардық. Ата-ба­бамыздың жері. Сыртта жүрсек те, қазақпыз деп мақтанып айтып жүреміз. Бәрібір бойы­мыз­да қаза­қы­лық басым. Келген сайын Қа­зақ­стан деген елге келдік, қазақ жеріне кел­дік деп ма­сат­танатынбыз. Ең алғаш кел­­­генде әлі есімде, мұндағылардың бәрі мен се­кілді қазақтар екенін, ұлтымыз бір, ру­хы­мыз бір екенін жақын түсіндім. Сөзбен тү­сіндіріп жеткізе алмайтын рухани серпілісті сез­дім. Бірақ ол уақытта қазақша білмейтін едім. Түсінемін, бірақ өз ойымды жеткізе ал­­­маймын. Үйде ата-анамызбен қазақша сөй­лесетінбіз, бірақ сыртта түрік тіліне баса мән бергендіктен бәрі­бір қазақшаны толық мең­гере алмайсың. Бастапқыда көбімен түсі­ні­се алмай қинал­дым. Түркияда қазақ тілін үй­рететін курс та жоқ әрі ол кезде өздігіңнен үйре­ніп алатын­дай интернет те дамымаған. Сөй­тіп, Қазақ­стан­ға келген сайын сөйлемді бұ­рыс құрас­тырсам да, қазақша сөйлей бере­тінді шы­ғардым. Алғашында бәріне бар біле­тін сөзім «Сәлеметсіз бе?» дегенді айта бере­тін едім, кейін бір жігіт мұнда ер адамға «Ас­салаума­ғалейкум», ал әйелдерге «Сәле­мет­сіз бе?» деп аман­дасу керек екенін айтты (кү­ліп). Осы­лайша, елге келіп-кетіп жүріп, қа­зақшамды же­тілдіріп алдым. Бұрын бізді көр­генде көп­шілік «Қытайсың ба, әлде жа­по­н­­сың ба?» дей­тін еді, кейін бірден «Қа­зақ­сың ба?» деп сұрай­тын болды. Біз үшін бұл – үлкен мақ­та­ныш. Ал бізді осылай танытуда өз ал­дына же­ке мемлекет width= болып бөлініп, бола­шақ­қа бет алған Қазақстанның рөлі орасан. Сол үшін кино арқылы Қазақстанды та­­­нытқым келді. Сөйтіп, Түркияға келіп кә­сіп ашқан қазақ жігіттің бастан кешкен хи­каяларын, сосын қазақтар мен түріктердің салт-дәстүріндегі ұқсастықтар мен айырма­шылықтарды кіріктіріп, синопсис жаздым. Ұлттық арна басшылары құптаған соң Ан­караға бардым, бәрін ақылдасып, келісіп, ақы­рында ойлағаным іске асты. Мен онда 58 бөлімге түстім, кейін Түркияда рейтингі жо­ғары D телеарнасы түсіретін Akasi dura фи­льмінде ойнауға ұсыныс келіп түсті. Өзіңіз білетін боларсыз, ұлттық арналарға қарағанда мұндай каналдардың рейтингі жоғары, әрі мұнда көрсетілетін кинолар елге тез таныласың, әрі карьераңа да үлкен сер­пін береді. Сол киноға түскен соң таны­мал­ды­­ғым артты. Жалпы, түскен киноларым әлі көп­шіліктің есінде, көбі көшеде көріп қалса, та­нып, құшақтап, суретке түсіп жа­тады. Айт­пақшы, ұмытып бара­ды екенмін. Қазақ­стан мен Түркия ұлт­тық арналары бірігіп, «Әке сер­ті» атты сериал түсірді. Мен онда ұйым­дас­тырушы продюсер қызметін атқардым. Бастапқыда олар тіл білмеген соң өзара түсі­нісе алмай, біраз қиындық туындады. Сосын мені кө­мек­ке шақырып, екі ортада «ел­шілік» қызмет ат­қардым. Одан бөлек, қа­зақстандық әртіс­терді Түркияның жүйе­сіне сай ойнатуды үйреттім. Осылайша, үш айдай Алматыда тұр­ғанда қазақшамды дамытуға үлкен мүм­кіндік пайда болды.  width=– Соңғы жеті жылда «Атажұрт жолы» де­­ректі фильмін түсіріп, көп елге ба­рып, құжаттар мен деректер жинақтап жүр­геніңізді естігенде таңғалғанымыз бар. Кеше Қазақстанға сол үшін де кел­діңіз бе? – Иә, жұмыс әлі жалғасып жатыр. Оның нелік­тен ұзаққа жалғасқанын түсіндіру үшін ал­дымен сюжет желісін түсіндіре кетейін. Ата-анасы ажырасқан, Түркиядағы қазақ жігі­тінің әке жағымен онша байланысы жоқ, бірақ әкесі қайтыс болар кезде ұлына олар­дың әйгілі Тәкіман батырдың ұрпағы екенін айтады. Өмір бойы басқа адамды ата деп кел­ген жігіт Тәкіман батыр туралы зерттеу жүр­гізіп, қолынан келгеннің барлығын жа­сай­ды. Қазақстанға келеді, кітапханалар мен ар­хивтерді ақтарады. Журналист, тарихшы­лар­мен жолығады. Ол кісі жүріп өткен Ресей, Моңғолия, Үндістан, Пәкістанға барып, ондағы шаң басқан мұрағаттардан қажет деректер іздейді. Қарап тұрсаңыз, бұл – көп жылды қажет ететін жоба. Мұны асығыс тү­сіре салуға әсте болмайды. Түсірілім әлі күн­ге дейін жалғасып жатыр. Бәлкім, пан­де­мия, елдер арасындағы кикілжің, соғыстар бол­мағанда ерте бітірер ме едік, кім біліпті? Со­сын мына жақта мен ол туралы фильм тү­сіріп жатсам, Қазақстанда Л. Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторы, тарихшы әрі жазушы Нұрлан Бай­ғабыл бұл турасында кітап жазды. Өзім жаз­сам, өз атамды мақтағандай боламын. Ал ака­демик-ғалым жазса, оның еңбегі ғылымда құн­ды әрі салмағы болады. Оның үстіне, ға­лымдар объективті көзқарас танытып, нақ­ты дәлел келтіріп жазады. Мен бұл жұ­мысқа көпшілік білмейтін қазақ тарихының бір бетін ашу үшін кірістім. – «Өз атам» дегеніңізге қарағанда бұл де­ректі фильм сіздің өмірбаяныңызға негізделген бе? Сіз Тәкіман батырдың ұрпағысыз ба сонда? – Иә, мұнда менің өмірім, бастан ке­ш­кенім баяндалады, бірақ мен арқылы қазақ­тың тарихы баяндалады. Иә, мен – Тәкіман батырдың ұрпағымын. Ол кісі ел ішінде халық батыры атанған. Тек Қазақстандағылар ол туралы ештеңе білмейді. Оның ерлігі тура­лы мәліметтен тек Қытай қазақтары ғана хабардар. Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарында болған «Үш аймақ төңкерісі» туралы естіген бо­ларсыз. Ол кісі сонда көтеріліс басшысы, Шы­ғыс Түркістанның Қорғаныс министрі болған. Әкем қайтыс болардан бұрын мені шақырып алып, көзіне жас алып «Балам, мені әкең ретінде сыйлайсың ба? Сыйласаң, менің саған айтар бір өсиетім, бір тапсырмам бар. Оны мойныңа алып, орындайтын болсаң ғана айтамын, өйтпесең, өзіммен бірге қа­бір­ге алып кетемін», – деді. «Анық істейсің ғой?» деп үш рет сұрағаны есімде. Сол кезде ол кісі өмір бойы ата деп келген кісі тіпті де менің атам емес, нағыз атам әйгілі күрескер Тәкі­ман батыр екенін айтып, сырын ашты. Сөйт­сем, Тәкіман батыр қайтыс болған соң менің атам әжемізді әйел етіп алып, бала­ларын қамқорлығына алған. Біз оның қо­лын­да өстік, оның тегімен жүрдік. Әкем бұл сырын айтқан кезде мен 30 жастамын. Сол жасыма дейін бөтен жандарды туыс деп жа­ны­ма тартып келіп, ақырында олардың саған еш қатысы жоқ екенін білгенде қандай күйге түскенімді ойлай беріңіз. Кім де болса, өз атасы туралы білгісі келіп, өз туыстарын іздейді ғой. Бірақ басында бұған аса мән бер­медім, бір жылдан соң әкем түсіме кіріп, уәде беріп алып, ештеңе істемей жүргеніме рен­жіп жүргендей болды. Сосын анам да «Ақыры сөз берген екенсің, бұл істі соңына жет­кіз» деп ақылын айтты. Сөйтіп, 2012 жыл­дан бастап дерек жинастырдым, сосын ара­ға үш жыл салып, фильм түсіруді бас­та­дым.  width=– Әкеңізден бұл құпияны неліктен көп­ке дейін айтпай жүргенін сұрай ал­дыңыз ба? – Олар ерте жастан өз қамқорлығына ал­ған адамның қолында өскен соң бұған дәті бармаса керек. Бірақ ол кісі әкемдерді оқыт­паған. Оқыса, көзі ашылып, бәрін біліп ала­ды, сосын әкесін іздей бастайды деп ойла­ған. Мен де әкем мұны айтқан кезде «Нелік­тен ертерек айтпадыңыз?» деп ашуландым. Бірақ ол жалғыз, оның үстіне тау мен тас ара­сында жүріп, мал баққан. Оқымаған. Жал­ғыз өзі не істей алады? Сосын оның ұрпа­ғы ретінде бұл іске мен кірістім. Зерттеу жүр­гіздім. Ресей, Моңғолия, Үндістан, Пәкістан­ға бардым. Ресейдегі архивтерден Кеңес елдерін басқарған Сталиннің атама бер­ген марапатын, сол кездегі үкімет мү­ше­лері мен атамның арасындағы қару-жарақ алу туралы жасасқан келісімшартын тауып алдым. Қолымда тарихи дәлелдер жетерлік, оның барлығын жазушыға бердім. Қазір ол солардың негізінде кітап жазып жатыр. Бұйырса, ол кітап пен деректі фильм қазақ тари­хының жаңа бетін ашатын еңбек ата­нады деп сенемін. Жалпы, Алтайдан көшкен ел туралы Халифа Алтай біраз еңбек жазға­ны әмбеге аян. Бірақ оның бәрі естеліктерге негізделген. Ғылыми тұрғыда жазылмаған. Ал көп жылға жалғасқан менің жұмысымның ғылым үшін салмағын мен айтпасам да тү­сініп тұрсыз. Қазір тіпті сөйлем соңында бір нүктесін қоймай кетсең, еңбегің зая кетеді. Қа­зір қыруар жұмыстың бел ортасына кел­дік. Бұйырса, елдер арасындағы жолдар жа­был­маса, соғыс оты қайта тұтанбаса, аз уа­қыт ішінде жарыққа шығаруды жоспарлап отырмын.  width=– Қазақстанға жиі келіп жүрген бол­саңыз, отандық режиссерлер түсірген ки­­ноларды қарап, біздегі киноин­дустрия­­ның дамуын бақылап жүрген бо­ларсыз. Берер бағаңыз қандай? – Иә, біраз киноны қарап шықтым. Айт­пақ­шы, мен режиссер Ақан Сатаевтың «Жау­жүрек мың бала» фильмінің кастингіне қатыс­қанмын. Сол кезде Ақан маған моңғол не­месе қытайдың рөлі жарасатынын айтқан еді. Ал мен онсыз да Түркияда олардың рөлінде ойнаймын. «Қазақстанға келіп қа­зақтың рөлін сомдайын десем, тағы да қытай қылғалы тұрсыздар» деп Ақанның ол ұсы­нысын қабыл алмай, ақыры ол фильмге түс­педім. Қазақ киносы дамыды деп айта ал­маймын, мұндағы режиссерлер орыстар­дан үлгі алатынын байқадым. Не істесе де, орыстар секілді істейді екен. Қазақ менталитетіне сай түсірген киноны әлі көрген жоқпын. Түркиядағылар француз киносынан үлгі алады. Бірақ кейінгі кезде ұлтшылдық идеологиясы бірінші орынға шықты. Соның дәлелі ретінде «Ертұрғыл» се­риалы түсірілді. Қазақстандық режис­сер­лерге де осындай сериалдар түсірген жөн. Голливудқа танымал, Атыраудан шыққан Тимур Бекмам­бе­тов­пен Астанада өт­кен экшн фильм­­дер фестива­лін­де сөйлескенде ол оны Ре­сей атақты қылғанын, ресейлік­тер­ден үлгі алатынын айтып қалды. Қазақ­фи­льм­­­де жұмыс істеген мамандар да ресей­лік­терден үлгі алатынын мойын­дайды. Ал теле­хикаяларды сөз етсек, қо­нақүйге тоқта­ған кездерде бірнешеуін көремін. Бірақ он­дағы әртістер рөлді шынайы өмірдегідей емес, театр сахнасында жүргендей сомдап шы­ғады. Дауысы, ми­микасы, қимыл-әре­кеттері шынайы өмірдегі кейіпкерлермен жа­наспайды. Қа­зақстан­дағы та­­лант­­ты ре­жис­серлер­мен көп жоба ат­қар­ғың келеді-ақ. Мен 2010 жыл­дан бас­тап көп режиссер­мен, Қазақ­филь­м­­нің бас­шы­ларымен көп кез­дестім. Келген сайын қара­пайым халық құ­шақ жая қарсы алға­нымен, кино саласындағы жауап­ты тұлғалар шеттен келгендерді бірден қабыл­дамайтыны байқалып тұрады. Мен бұл саланың қазанында қайнап жүргеніме бә­лен­бай жыл болды, түрік киноларында бас­ты рөлдермен қатар, продюсерлік жұмыс та атқардым. Тек Қазақстанда танымал емеспін. Айтқан уәждерімнің құны жоқ. Бірақ менің орныма танымал, алайда кино түсіруден онша хабары жоқ Бурак Озчивит келсе, оны басына көтереді. Оның айтқаны заң. Мұнда атақ­қа қарайды екен. Сонда сөзімді тыңдату үшін маған да атақ жасау керек екен. Сырт­тан келгендер өз білімін, өз түйгенін ортаға салып, түбі бір сапалы дүние жасап шыға­ты­ны белгілі. Қазір мен сізден бірдеңе үйренсем, сіз менен бірдеңе үйренесіз. Мысалы, Түркия күрес пен ауыр атлетика спортынан онша мық­ты емес. Олар Қазақстаннан, Африкадан мық­тыларды шақырып, бүгінде олар барған жерінде Түркияның атын шығарып жүр. Алыс­қа бармай-ақ, жақыннан мысал келтіре­тін болсам, Қытай, Моңғолиядан елге келген­дер тіпті қарапайым жұмыстың өзін өркен­де­тіп, көпшілік білмейтін әдістерді қолда­на­ды. Сол секілді киноиндустрияда Қазақ­стан­ға менің көмегім көп тиетіні сөзсіз. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ