Жаңалықтар

Түрік сериалдарында басты рөлді сомдап жүрген қандасымыз Баһадүр

ашық дереккөзі

Түрік сериалдарында басты рөлді сомдап жүрген қандасымыз Баһадүр

Баһадүр Хакім – Түркияға есімі белгілі актер. Он шақты фильмге түскенімен қоса, бірнеше жобада продюсер қызметін атқарған білікті маман. Қазақтың атын әлемге танытуды мақсат еткен ол Қазақстаннан Түркияға келген қазақ кәсіпкердің хикаясын қағазға түсіріп, кейін оны түрік режиссерлерге ұсынып, ақырында ол кинода басты рөлді сомдап шыққан. Баһадүр соңғы жеті жылда «Үш аймақ төңкерісінде» көтеріліс басшысы болған Тәкіман батыр туралы «Атажұрт жолында» деген атпен фильм түсірумен айналысып жүр. Бұл фильмге қажет деректерді жинау үшін жуырда Қазақстанға келген қандасымызға хабарласып, аз-кем сұхбаттасқан едік. – Өнер адамдары «Қай театрда жақ­сы режиссер болса, сол театрдың бағы ба­сым» дегенді жиі айтады. Сол секілді әр­тістің оқуын оқымаған сіздің өмір жо­лыңызда жақсы режиссер кезіккен соң кино әлемінде бағыңыз жанды деу­ге бола ма? – Дәл солай. Жалпы, мен Измирде туып-өс­тім. Ыстанбұлдың Зейтүнбурны ауданында орта мектеп, одан соң лицей бітірген соң ең­­­бекке араласуға тура келді. Себебі сол сәт­те әкем мен анам ажырасқан соң үйдегілерге жәр­демдесіп, қарайласу керек болды. Ол уа­қытта тері өңдеу ісімен айналыстым. Басқа да жұмыстар істедім. Сол кезде Түркиядағы та­нымал режиссер, әйгілі «Көкжалдар ме­ке­ні» фильмінің продюсер-режиссері Осман Си­нав Ekmek teknesi фильміне түсуге ша­қыр­ды. Онда мен Америкадан колледж біті­ріп келген қытай жігітінің рөлін сомдадым. Сөйтіп, 2002 жылдан бастап кино әлеміне ендім. Бәлкім, Құдай берген талант болар. Әр­тістің оқуын оқымасам да, он шақты ки­ноға түсіп, барлығында сәтті ойнап шықтым. Түр­кияда ең жақсы не екенін білесіз бе? Ма­ман­дығың болсын, болмасын, оқы, оқы­ма, қалаған жұмысыңды істеуге мүмкіндік бар. Мысалы, сіз Қазақстанда журналист бол­саңыз, Түркияда актриса бола аласыз. Ал Қа­зақ­станда олай емес, тек мамандық бойын­­­ша жұмысқа қабылдайды екен. Қазақ­стан­ға жиі келгендегі байқағаным – егер ма­ман­дығың әртіс болмаса, киноға түсе ал­май­сың, тіпті массовкаға да жарамайсың. Адам­ның таланты бар ма, жоқ па, шаруасы жоқ. Ал Түркияда тіпті қара жұмыс істесеңіз де, режиссер сіздің талантыңызды байқап қал­са, сізге лайық рөлге, тіпті басты рөлге бе­кітеді. – Ол синопсисті жазуға не түрткі бол­ды? Ол идея қайдан келді? – Түркияда өссек те, түбімізді, тегімізді бі­ліп өстік. Түбі бір түркілер екенімізді жас­тайы­мыздан білдік. 2010 жылдан бастап ішім­де қазақы рух көтеріліп келе жатқанын бай­қадым. «Түркияда қайтсем қазақтың атын шығара аламын» деп ойландым. Мы­са­лы, боксшылар чемпион ата­нып, Қазақ­стан­ның Туын көкке көтереді. Димаш Құдай­бер­ген де өнер арқылы Қазақстанды күллі әлем­ге танытты. Сол секілді мен де актерлік жұ­мыс арқылы қазақтың атын шығаруды көз­дедім. Оның үстіне, егемендігін алған соң Қа­зақстанға жиі келуді болып бөлініп, бола­шақ­қа бет алған Қазақстанның рөлі орасан. Сол үшін кино арқылы Қазақстанды та­­­нытқым келді. Сөйтіп, Түркияға келіп кә­сіп ашқан қазақ жігіттің бастан кешкен хи­каяларын, сосын қазақтар мен түріктердің салт-дәстүріндегі ұқсастықтар мен айырма­шылықтарды кіріктіріп, синопсис жаздым. Ұлттық арна басшылары құптаған соң Ан­караға бардым, бәрін ақылдасып, келісіп, ақы­рында ойлағаным іске асты. Мен онда 58 бөлімге түстім, кейін Түркияда рейтингі жо­ғары D телеарнасы түсіретін Akasi dura фи­льмінде ойнауға ұсыныс келіп түсті. Өзіңіз білетін боларсыз, ұлттық арналарға қарағанда мұндай каналдардың рейтингі жоғары, әрі мұнда көрсетілетін кинолар елге тез таныласың, әрі карьераңа да үлкен сер­пін береді. Сол киноға түскен соң таны­мал­ды­­ғым артты. Жалпы, түскен киноларым әлі көп­шіліктің есінде, көбі көшеде көріп қалса, та­нып, құшақтап, суретке түсіп жа­тады. Айт­пақшы, ұмытып бара­ды екенмін. Қазақ­стан мен Түркия ұлт­тық арналары бірігіп, «Әке сер­ті» атты сериал түсірді. Мен онда ұйым­дас­тырушы продюсер қызметін атқардым. Бастапқыда олар тіл білмеген соң өзара түсі­нісе алмай, біраз қиындық туындады. Сосын мені кө­мек­ке шақырып, екі ортада «ел­шілік» қызмет ат­қардым. Одан бөлек, қа­зақстандық әртіс­терді Түркияның жүйе­сіне сай ойнатуды үйреттім. Осылайша, үш айдай Алматыда тұр­ғанда қазақшамды дамытуға үлкен мүм­кіндік пайда болды. – Әкеңізден бұл құпияны неліктен көп­ке дейін айтпай жүргенін сұрай ал­дыңыз ба? – Олар ерте жастан өз қамқорлығына ал­ған адамның қолында өскен соң бұған дәті бармаса керек. Бірақ ол кісі әкемдерді оқыт­паған. Оқыса, көзі ашылып, бәрін біліп ала­ды, сосын әкесін іздей бастайды деп ойла­ған. Мен де әкем мұны айтқан кезде «Нелік­тен ертерек айтпадыңыз?» деп ашуландым. Бірақ ол жалғыз, оның үстіне тау мен тас ара­сында жүріп, мал баққан. Оқымаған. Жал­ғыз өзі не істей алады? Сосын оның ұрпа­ғы ретінде бұл іске мен кірістім. Зерттеу жүр­гіздім. Ресей, Моңғолия, Үндістан, Пәкістан­ға бардым. Ресейдегі архивтерден Кеңес елдерін басқарған Сталиннің атама бер­ген марапатын, сол кездегі үкімет мү­ше­лері мен атамның арасындағы қару-жарақ алу туралы жасасқан келісімшартын тауып алдым. Қолымда тарихи дәлелдер жетерлік, оның барлығын жазушыға бердім. Қазір ол солардың негізінде кітап жазып жатыр. Бұйырса, ол кітап пен деректі фильм қазақ тари­хының жаңа бетін ашатын еңбек ата­нады деп сенемін. Жалпы, Алтайдан көшкен ел туралы Халифа Алтай біраз еңбек жазға­ны әмбеге аян. Бірақ оның бәрі естеліктерге негізделген. Ғылыми тұрғыда жазылмаған. Ал көп жылға жалғасқан менің жұмысымның ғылым үшін салмағын мен айтпасам да тү­сініп тұрсыз. Қазір тіпті сөйлем соңында бір нүктесін қоймай кетсең, еңбегің зая кетеді. Қа­зір қыруар жұмыстың бел ортасына кел­дік. Бұйырса, елдер арасындағы жолдар жа­был­маса, соғыс оты қайта тұтанбаса, аз уа­қыт ішінде жарыққа шығаруды жоспарлап отырмын.