25 қазан – Республика күні: Президент заңға қол қойды
25 қазан – Республика күні: Президент заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кинематография, мәдениет және мерекелер мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - деп жазылған хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін Сенат депутаттары 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу туралы норманы қолдаған болатын.