Түркістан – рухани және тарихи елор­да­мыз

Түркістан – рухани және тарихи елор­да­мыз

Түркістан – рухани және тарихи елор­да­мыз
ашық дереккөзі
27 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Түркістан облысына ресми сапармен барды. Сапар барысында Президент аймақ халқымен жүздесті. Екінші тынысы ашылып, жаңа заманға сай қайта түрленген Түркістан өңірі ілгерілеу мен жаңарудың үл­­гісіне айналып отыр. Қазір мұнда тартылған ин­вес­тиция көлемі 8 есе артқан. 77 мың адамға арналған көпқабатты үйлер салынған. Сонымен қатар шаһар жа­сыл-желекке оранып, экологиялық ахуалы жақ­сарған. Тұрғындарды ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді деп айтуға болады. 2019 жылдан бері облысқа 2 миллионға жуық турист келген. Кейінгі үш жылда аймақтағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласы 1,5 есе өскен. Облыста 64 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылған. «Қастерлі шаһар – ұлттың ұясы» Жұмыс сапарының негізгі мақсаты облыстағы ахуал­мен танысу екенін айтқан Президент Түркістан ата­жұртымыздың алтын қазығы екенін айтты. – Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дү­ние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге та­ны­мал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихы­мы­зда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы осы облысқа ерек­ше мән беруіміз керек. Бұл, ең алдымен, Үкіме­тіміз­дің басты міндеті, – деді Президент. Мемлекет басшысы қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғамыздың осында жер­ленгеніне тоқталып, былтыр қалаға Түркі әлемі­нің рухани астанасы деген мәртебе берілгенін айтты. – Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елор­да­мыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сон­дықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осын­дай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты ше­шім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңы­р­ағы болып келеді. Түркістан осы мәртебелі мін­детін қазір де абыроймен атқарып отыр. Сол се­бепті мен ата жолын ұстанып, Ұлттық құрылтайдың ке­ле­сі оты­ры­сын Түркістанда өткізуді ұсындым. Онда ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді тал­қы­лай­мыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мақсатымыз – ел іргесін сетінетпеу Мемлекет басшысы елімізде «Еңбек» бағдар­ла­ма­сы жүзеге асырылып жатқанын айтып, оның ха­л­ық саны көп оңтүстіктің тұрғындарын жұмыс күші аз өңірлерге қоныстандыруға арналған жоба екенін тү­сіндірді. – Бірқатар азаматымыз солтүстікке көшіп, тір­шілі­гін жасап жүр. Биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша жас­тарға арнап 3700-ге жуық грант бөлінді. Оның 800-ден астамын түркістандықтар иеленді. Ел іргесін бү­тін­деп, тұғырын нығайту жолындағы осы маңызды жұ­мыс­қа сіздер зор үлес қосып келесіздер. Дегенмен жас­тардың еңбекке құлшынысын арттыруымыз керек. Біз құрып жатқан жаңа қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек деген ұғымды жастарымызға тү­сін­діру қажет. Себебі отаншылдық дегеніміз, ең алды­мен, іскерлік, еңбекқорлық. Құр сөзден ештеңе шық­пай­ды. Азаматтарымыз алдымен отбасына, балаларына қам­қор болуы керек. Оларға еңбегімен, алғырлығымен нә­пақасын тауып беруі қажет, – деді Пре­зи­денті. Қасым-Жомарт Тоқаев түркістандықтармен кез­­десу­де халықаралық ахуалға қатысты еліміздің ұста­ны­мы туралы айтты. – Біз мемлекеттігімізді сақтап, өсіп-өркендеуіміз үшін ел бірлігі ауадай қажет. Ал бірлік – бейбітшіліктің, ты­ныштық пен тұрақтылықтың кепілі. Осы орайда қа­­зіргі халықаралық ахуал жөнінде айта кеткім келеді. Өздеріңіз білесіздер, әлемдегі жағдай әбден шиеленісіп кет­ті. Осындай күрделі жағдайда Қазақстан ха­лық­ара­лық ұйымдарда, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымында дауыс беру кезінде бейтарап ұстанымын сақтап отыр. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді. Жеріміздің бү­тіндігі және еліміздің амандығы – біз үшін бәрінен маңыз­ды. Сондықтан парасаттылық пен сабырлық та­ны­тып, арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек. Халқымыздың ең басты күші – бірлік, парасаттылық және төзімділік. Осы құндылықтардан айырылып қал­сақ, елімізге үлкен қауіп төнеді. Мемлекеттердің тер­риториялық тұтастығы міндетті түрде сақталуы керек. Бұл – негізгі қағидат. Мен мұны халықаралық аренада үне­мі ашық және анық айтып жүрмін. Жақында Бірік­кен Ұлттар Ұйымына барып, ең биік мінберден бұл ту­ра­­лы тағы да мәлімдедім. Бұның бәрі бекер емес. Ай­­на­ламызда ауқымды соғыс болып жатыр. Біз осыны ес­кере отырып, ең алдымен, еліміздің қауіпсіздігін ой­лауымыз керек. Шекарамыз бүтін болса, сырттан ша­б­уыл жасалмаса, төрт құбыламыз түгел болады. Бұл – мем­лекетіміз үшін, мен үшін аса маңызды міндет әрі бас­ты мақсат, – деді Мемлекет басшысы. Президент көрші елден келіп жатқандар туралы көп­шіліктің көкейінде жүрген мәселеге де ар­найы тоқталды. – Қазақта «Көршімен татудың көңілі тоқ» деген сөз бар. Ең бастысы, іргелес елдермен тату болуымыз керек. Бұ­дан еш ұтылмаймыз. Соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Көпшілігі қа­зіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жа­тыр. Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруі­міз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені мен Үкіметке тапсырдым. Жалпы, осын­дай күрделі жағдайда біз ең алдымен адамгершілік, са­быр­лық, ұйымшылдықты танытуымыз керек. Бізде еш­қандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек. Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұ­мыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүр­гізіледі. Біз Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп, бұл түйт­кілді еліміздің мүддесіне сай шешеміз. Тағы да қай­талап айтамын, осындай алмағайып кезеңде бізге, ең алдымен, береке-бірлік қажет. Елдің тыныштығын сақ­тай білсек, тұрақты дами аламыз. Барлық мәселені байып­пен талқылап, ақылмен шешуіміз керек. Мұны мен киелі Түркістан төрінен арнайы айтып тұрмын. Өйт­кені бұрын-соңды дәл осы жерде айтылған аталы сөз­дің бәрі алты Алашқа түгел тараған. Ғасырлар бойы жал­ғасып, қанымызға сіңген бұл дәстүр қазір де сақ­талып отыр, – деді Президент. Өзгерістердің игілігін бүкіл жұртымыз көреді Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауында айтылған мәсе­ле­лерге тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, біз саяси жаңғырумен қатар бірқатар әлеуметтік-эко­но­микалық шараны қолға аламыз. Оның игілігін бүкіл жұртымыз көреді. – Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мем­лекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем бол­маған. Сондықтан бұл реформа демократия жолын­дағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осын­дай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін ке­рек деп кәміл сенемін. Бұл реформа не үшін жасал­мақ­шы деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Мәселе мы­нада: президент лауазымына көп жыл бойы бір ғана адам ие болмауы керек. Әлемде болсын, біздің елімізде бол­сын көп жыл бойы бір ғана адам ең жоғары лауа­зымға ие болса, мұндай жағдай елге де, Мемлекет бас­шы­­сына да абырой әкелмейді. Біз болашаққа нық се­німмен қарап, адал, дарынды саясаткерлерге жол ашуы­мыз керек. Жалпы, жұрт біздің саяси жүйені өзгер­ту туралы жоспарымыздың мән-маңызын жақсы тү­сініп отыр. Жұмысты одан әрі жалғастыру үшін жаңа Кон­с­титуцияға сай сенім мандаты қажет. Сондықтан ке­зек­тен тыс Президент сайлауы биылғы 20 қарашаға бел­гіленді. Біз бұл науқанды заңға сәйкес, әділ және ашық өткіземіз. Түркістандықтар да сайлауға белсене қа­тысып, өз таңдауын жасайды деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. «Шымкент барлық салада бәсекеге қабілетті болуы керек» Мемлекет басшысының жұмыс сапары Шымкент қа­ла­сында жалғасты. Шежірелі шаһардың ке­мін­де 2 200 жылдық тарихы бар екенін айтқан Мем­ле­кет басшысы оның ЮНЕСКО деңгейінде расталған де­рек екенін еске салды. Президенттің айтуынша, Шым­кент республикалық қала мәртебесіне ие бол­ған­нан бері көптеген оң өзгерістер болды. Атап айтқанда, қа­ланы дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оған қоса, 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тар­тылған. Қала бюджеті 4 есе өсіп, өнеркәсіп өнімі 65 пайыз­ға артқан. Сондай-ақ аумағы 2,5 миллион шаршы метр­ден асатын тұрғын үй салынды. Қасым-Жомарт Тоқаев шаһарды еліміздегі төрт хаб-қаланың біріне айналдыру үшін нақты жұмыс жүр­гізіліп жатқанын айта келіп, Шымкентті өркендетуге қа­тысты бірқатар мәселеге арнайы тоқталды. Ең алдымен, Мемлекет басшысы өндірісті дамыту, индустриялық аймақтарды жетілдіру үшін қала эко­номикасын әртараптандыруға және отандық өнім шығаруға баса мән беріліп жатқанын жеткізді. Президент келесі мәселе ретінде ауыл шаруа­шы­лы­ғын өркендетуге тоқталып, азық-түлік қауіп­сіз­дігін қам­тамасыз ету аса өзекті мәселенің бірі екенін атап өтті. Бұдан кейін Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне назар аударды. Атап айтқанда, Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау үшін «Іскер қала» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жеткен. – Орталық Азиядағы ең ірі нарықтың бірі – Таш­кент агломерациясы іргемізде тұр. Сондықтан Шымкент бар­лық салада бәсекеге қабілетті болуы керек. Осыны ес­кере отырып, қаланың бас жоспарын келесі жылдың ор­тасына дейін қайта қарауды тапсырамын, – деді Пре­зи­дент. Соны­мен қатар тұрғын үй құрылысын жан­дан­дыру мәселесіне де назар аударылды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика және ин­женерлік инфрақұрылымды жетілдіру қажет екенін айтты. – Қаланың айналма жолын тұйықтайтын авто­жол­ды тезірек іске қосуды және жаңа әуежай терминалының құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырамын. Соңғы кез­де шаһарға іргелес жатқан 41 елді мекен қосылды, сол себепті инженерлік инфрақұрылымның қуатын арт­тыру қажеттігі туындады. Осы мақсатқа 4 жылда рес­публика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қар­жы бөлінді. Соның нәтижесінде ауызсу, электр қуа­ты және газ мәселесі біршама реттелді. Жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауызсу жет­кізіледі. Келесі жылы қала орталығынан шалғай ор­наласқан 2 елді мекеннің су мәселесін толық шешуді тап­сырамын. Қазір 8 елді мекенде сапалы электр жүйесі жоқ. Алдағы жылы бұл мәселені толығымен шешу қа­жет. Сондай-ақ тағы 8 елді мекенде газ мүлде жоқ. Үкі­мет пен әкімдікке бұл жерлерге газ жеткізу үшін қар­жы бөлу мәселесін пысықтауды тапсырамын, – деді Мем­лекет басшысы. Сондай-ақ биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялағанын айтқан Президент Шымкентте Оқушылар сарайы және Балалар шығармашылық орталығы салынып жатқанына тоқталды. Сонымен қатар Үкіметке Шымкентте Опера және балет театрын салуды тапсыратынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын дамыту да негізгі міндеттің бірі екенін айтып, за­манауи стандартқа сай перзентхана қажеттігін жет­кізді. Осыған орай, әкімдік пен Үкіметке перзент­ха­на салу жұмысын жеделдету туралы тапсырма берілді. Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласы­на жұмыс сапары барысында Шымкент мұнай өңдеу зауытына барды. Зауытты басқарушы компания – «Петро Қазақстан Ойл продактс» ЖШС президенті Ерболат Қожа­баев Мемлекет басшысына қайта жаңғыртудан өткен өндірістің қазіргі жұмысы туралы баяндады. Бүгінде зауыттың жобалық қуаты жылына 6 мил­лион тонна мұнай өңдей алатын деңгейге жетіп, К-4, К-5 экологиялық санатындағы жанар-жағармай өндіре бастаған. Бұдан кейін зауыт жұмысшыларымен әңгі­ме­лес­кен Президент өндіріс орнының стратегиялық маңызына тоқталды. – Қазір зауыт ішкі нарықтың 40 пайызын қамта­ма­сыз етіп отыр. Өнімнің сапасы да жақсарды. Бұл – өте ау­қымды жұмыс. Осының бәрі сіздердің, яғни жұмыс­шы­лардың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін бо­лып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Соңғы үш жылда зауыттың бензин өндірісі 2,1 мил­­лион тоннаға, авиакеросин өндірісі 340 мың тон­наға, дизель отыны 1,9 миллион тоннаға дейін арт­қан. Өнім толықтай ішкі нарыққа өткізіледі. Өңірдің өркендеу жолындағы айшықты қа­дам­дары айтылып, даму бағыттары айқындала түс­кен сапарда халықты толғандырған мәселелер мен көп күткен бастамалар көтерілді. Түгел түр­кі­нің бесігі болған Түркістан алда да түрлене түспек.