Қазақстанға қайтқысы келетін қандастарымыздың саны күрт көбейді

Қазақстанға қайтқысы келетін қандастарымыздың саны күрт көбейді

Қазақстанға қайтқысы келетін қандастарымыздың саны күрт көбейді
ашық дереккөзі
Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне көшіп келді. Бұл туралы Отандастар қоры мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Олардың 70 пайызға жуығы Өзбекстаннан қоныс аударған. Өзгелері Қытай мен Түркіменстан, Моңғолия және басқа да елдерден. Отандастар қорының мәліметі бойынша, соңғы жылдары ата жұртына қайтқысы келетін қазақтардың саны күрт артқан. «Отандастар» қоры алыс-жақын шет елдердегі қазақтармен үнемі байланыста. Мамандардың айтуынша, атамекеніне оралғысы келетіндер көп. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн 99 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне қоныс аударды.