Жаңалықтар

Мобилизация: қырғызстандық чаттарда паспорт сату туралы ақпарат тараған

ашық дереккөзі

Мобилизация: қырғызстандық чаттарда паспорт сату туралы ақпарат тараған

Ресейде жарияланған ішінара мобилизацияға байланысты қырғыз елінің әлеуметтік желідегі чаттарында ҚР паспорты сатылатыны жайлы ақпарат шыға бастаған. Бұл туралы 28 қыркүйек күні Жоғары Кеңесте депутат Эльвира Сурабалдиева айтты деп хабарлады turkystan.kz сайты kaktus.media басылымына сілтеме жасап. Депутатты мемлекеттік органдардың осы мәселені тексерген-тексермегені алаңдатқан. Цифрлық даму министрінің орынбасары Айдар Мамбеткадыровтың айтуынша, бұл жағдайды тексергенін және оның Қырғыз Республикасына қатысы жоқ паспорт екенін мәлімдеген. «Қалай қатысы жоқ? Бұл деген біздің еліміздің беделіне нұқса келтіреді. Ендеше, ол алаяқтарды ұстау керек», – деп жауап берген депутат. Министр орынбасары оның басқа елге тәуелді екенін және онымен құқық қорғау мекемелерінің жұмыс істеп жатқанын айтқан. Сонымен қатар, оларды тексеру барысында базадан ешқандай мәлімет таппағанын мәлімдеді.