Атырауда ақын Мұхтар Шахановтың жыр кеші өтті

Атырауда ақын Мұхтар Шахановтың жыр кеші өтті

Атырауда ақын Мұхтар Шахановтың жыр кеші өтті
ашық дереккөзі
Атыраудағы Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толу мерейтойына орай «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты поэзия кеші өтті деп хабарлады turkystan.kz. Шығармашылық кеш ақынның шоқтығы биік жырларынан құралған «Сәлем, ұлы Жайығым!» атты театрландырылған прологпен ашылды. Облыс әкімі Серік Шәпкенов мерейтой иесін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.  width=
«Біз бүгін жырларын қазақ халқы жатқа білетін ақын, Желтоқсан жылнамасынан роман-эпопея жазған жазушы, әндерін барша жұрт шырқаған композитор, қазақ тілінің қамы үшін шыбын жанын шүберекке түйіп күрескен қайраткер Мұхтар Шахановпен кездесіп отырмыз. Мұхитқа құятын өзен секілді табиғат сыйға берген бар талантын, азаматтық асыл қасиетін жоғары бағалап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында «Бұл кісі өте адал, шыншыл, ұлтжанды адам. Мен Мұхтар Шахановқа Қазақстанның Еңбек Ері атағын беру туралы Жарлыққа қол қойдым» деп жоғары баға берді. Бұдан артық қандай баға беруге болады?! Жыр сүйген, сөз қадірлеген Атырау жұртшылығының атынан биігіңізбен сүйсіндіріп, тереңдігіңізбен ойландырып, ортамызда әрдайым аман жүруіңізге тілекшімін», - деді Серік Шәпкенов.
Жыр кешінде ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, өлеңдері оқылды.  width=  width= Ақын кеш соңында Атырау жұртшылығына алғыс білдіріп, ақ батасын берді.  width=