Жаңалықтар

Атырауда ақын Мұхтар Шахановтың жыр кеші өтті

ашық дереккөзі

Атырауда ақын Мұхтар Шахановтың жыр кеші өтті

Атыраудағы Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толу мерейтойына орай «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты поэзия кеші өтті деп хабарлады turkystan.kz. Шығармашылық кеш ақынның шоқтығы биік жырларынан құралған «Сәлем, ұлы Жайығым!» атты театрландырылған прологпен ашылды. Облыс әкімі Серік Шәпкенов мерейтой иесін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.