«Ықыласы болса, кез келген адам дөңгелетіп алып кететін кәсіп» – қолөнер шебері

«Ықыласы болса, кез келген адам дөңгелетіп алып кететін кәсіп» – қолөнер шебері

«Ықыласы болса, кез келген адам дөңгелетіп алып кететін кәсіп» – қолөнер шебері
ашық дереккөзі
Қолөнер бүгінде қайта сәнге айналды. Халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатқан бұл өнер тұрмысымызға сән беріп, адамға рухани ләззат сыйлайды. Қазір қолдан жасалатын бұйымға сұраныс жоғары. Өйткені жұрт көшірме заттан гөрі арнайы талғаммен жасалатын дүниелерге мән бере бастаған. Қыз-келіншектер қолөнерді хоббиі санаса, ендібірі бұған табыс әкелетін жұмысы ретінде қарайды. Ал бүгінгі кейіпкеріміз, Ақтөбе тұрғыны Гүлназ Жұмабайқызы – осы сүйікті ісі арқылы табыс тауып отырған жан. Қолөнер шебері моншақтан тұрмысқа қажетті түрлі заттар мен қыз-келіншектерге арналған сөмке жасайды. Мұнымен қоса үйге киетін аяқкиім тоқиды.
«Осы кәсіпті үйде баламен отырғанда бастадым. Қытайдан көшіп келген танысым үйреткен. Қолөнермен айналысқанда шаршағанымды ұмытып, демалып қаламын. Бұл – ертеден келе жатқан, ата-бабамыз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген қадірлі өнер. Қолөнер адамға ерекше ләззат сыйлайды, шеберлігін шыңдап, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Қазір адамдар қолөнерді қадірлейді. Қолдан жасалған аяқкиімдерге сұраныс өте жақсы. Аталған аяқкиімдер, әсіресе аяғының сүйегі шыға бастаған кісілерге пайдалы. Сүйегі шығып тұрған соң, аяқкиім аяғын қысады. Сондықтан олар аяғына ыңғайлы болуы үшін арнайы тапсырыспен жасатады. Материалын, табанын өзі таңдайды», – дейді қолөнер шебері. 
 width= Үйге киетін аяқкиімдерді көбіне орта жастағы адамдар алады екен. Бірі арнайы тапсырыспен тоқытса, енді бірі дайын күйінде сатып алғанды жөн көреді. Сатып алушылар алдымен сапасына мән береді екен. Бір аяқкиімді 3-4 жыл киюге болады. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбіне жүннен иірілген жіптерді қолданған. Тоқыма тоқу үшін таза жүн, мақта, синтетикада, жүн аралас иірілген жіптер пайдаланылады.  width=
«Бір ерекшелігі, шығыны аз, пайдасы жақсы кәсіп. Айына 20-30 аяқкиім сатамын. Ықыласы болса, кез келген адам алып кете алады. Аяқкиімнің біреуін тоқуға 3-4 сағат уақыт кетеді. Бір күнде 2-3 аяқкиім тоқуға болады», – дейді Гүлназ Жұмабайқызы.
 width=  width=