Бюллетендегі «Бәріне қарсымын» бағаны туралы министр пікір білдірді

Бюллетендегі «Бәріне қарсымын» бағаны туралы министр пікір білдірді

Бюллетендегі «Бәріне қарсымын» бағаны туралы министр пікір білдірді
ашық дереккөзі
Президент сайлауы бюллетеніндегі «Бәріне қарсымын» бағаны халықтың қатысуын есептегенде ғана ескеріледі. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Дауыс беру кезінде кез келген қазақстандық өз көзқарасына байланысты барлығына қарсы дауыс бере алады. Ол сайлауға қатысатын барлық кандидаттарға қарсы дауыс береді, оның дауысы еш жерде есептелмейді. «Бәріне қарсымын» бағанасы халықтың сайлауға қатысуын есептегенде ғана ескеріледі», - деп жауап берді министр тілшілер сұрағына Мәжіліс кулуарында.
Оның айтуынша, «Бәріне қарсымын» бағаны сайлау нәтижесіне еш әсер етпейді. Онда белгілі бір үміткерге берілген дауыстар ғана саналады.
«Қазақстандықтардың сайлауда өз пікірін білдіре алуы сайлауға қатысу құқығының жүзеге асатынын көрсетеді. Мұнан еш қайшылық көріп тұрған жоқ. Сайлауды өткізудің басты мақсаты – азаматтарға өз пікірін білдіру құқығын беру. «Бәріне қарсымын» дауысы да пікір болып саналады», - деді Қанат Мусин.