Доллар бағамы тағы өсті
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді деп хабарлады turkystan.kz.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,48 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 479,39 теңге.
Ұлттық банктің 28 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 478, 90 теңге.
Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллар бағасы – 478 теңге, сатып алу – 482 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату құны – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге.