Президент ауылдық жерлерге Илон Масктың интернетін орнатуды тапсырды

Президент ауылдық жерлерге Илон Масктың интернетін орнатуды тапсырды

Президент ауылдық жерлерге Илон Масктың интернетін орнатуды тапсырды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын өтетін «Digital Bridge-2022» халықаралық технологиялық форумында қазақстандық ауылдарда Илон Масктің интернетін қосуды тапсырды деп хабарлады turkystan.kz.
«Цифрлық даму министрлігі ең шалғай жердегі ауылдарда SpaceX және OneWeb төмен орбиталық спутниктік жүйелер желілерін қосу жөніндегі жұмысты жандандыруы тиіс. Халықтың 40%-ға жуығы ауылдық жерлерде тұратын біздің еліміз үшін барлық азаматтарды қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады», - делінген хабарламада.