Қазақстан суды көп ысырап ететін елдердің тізіміне кірді

Қазақстан суды көп ысырап ететін елдердің тізіміне кірді

Қазақстан суды көп ысырап ететін елдердің тізіміне кірді
ашық дереккөзі
Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдері суды үнемдемейді деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстанда суды жан басына шаққандағы тұтыну көлемі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр деп жазды finprom.kz. Мұны елімізде сумен жабдықтау тарифтері өте төмен екенімен байланыстыруға болады. Worldometers мәліметі бойынша, Қазақстан, Орталық Азияның басқа елдері суды көп тұтынуымен ерекшеленеді. Қазақстанда жан басына шаққандағы суды күнделікті пайдалану деңгейі бірден 3,5 мың литрге жетті. Көрші Ресейде бұл көрсеткіш  - 1,3 мың литр, Грузияда - 1,2 мың литр, Украинада  - 604 литр. Ал Ұлыбританияда бір адамға - 348 литр. 179 елдің ішіндегі ең төмен көрсеткіш Африка елдеріне тиесілі: соңғы орынға ие болған Конго Демократиялық Республикасында көрсеткіш жан басына шаққанда - 34 литр. Суды тұтыну бойынша ОА-ның тағы бір елі, Түркіменстан көш бастап тұр. Мұнда жан басына шаққанда күніне 16,3 мың литр су пайдаланылады. Суды көп ысырап ететін елдердің үштігіне Оңтүстік Американың екі мемлекеті –  Чили және Гайана кірді. Олардың артында ОА-ның үш елі –  Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыз Республикасы тұр: Мұндағы көрсеткіш жан басына шаққанда 4,8 мың, 4,5 мың және 4,3 мың литр су. Жетінші орынды бір адамға 3,8 мың литр көрсеткішпен АҚШ алды. су