Ақтөбеде жол апатынан Ресей азаматы көз жұмды

Ақтөбеде жол апатынан Ресей азаматы көз жұмды

Ақтөбеде жол апатынан Ресей азаматы көз жұмды
ашық дереккөзі
Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, ресейлік азамат көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Самара-Шымкент тасжолының 999-шақырымында жол-көлік апаты болды. Toyota Camry автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі, Ресей Федерациясының азаматы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылы маңында жол жиегіне шығып кетіп, көлігі аударылып қалған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жолаушы сол жерде көз жұмып, 1983 жылы туған екінші жолаушы Әйтеке би ауданының орталық хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында қозғалыс ережелері талаптарын сақтауға және жүргізушілерге шаршаған немесе ауырған жағдайда көлікке отырмауға кеңес береді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.