Алматыда ХҚКО күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Алматыда ХҚКО күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Алматыда ХҚКО күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
ашық дереккөзі
Алматыда ХҚКО күшейтілген режимде жұмыс істей бастады деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Абдурасул Құлдашовтың қатысуымен брифинг өтті. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы аумағына уақытша келген шетелдіктерге ЖСН қалыптастыру бойынша қызметтерді және ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат алуға резидент еместердің келуіне байланысты филиалдың аудандық бөлімдерінде көрсетілетін қызметті алушылардың шоғырлануы байқалады. Осыған байланысты бірыңғай электрондық кезек талонын алуға да азаматтар кезек санын арттыруда. Халыққа қызмет көрсету бөлімдеріндегі Бірыңғай электрондық кезек талондарын «анықтама» секторындағы мамандардан да, «Мобильдік ХҚКО» қосымшасындағы QR кодты сканерлеу жолымен де алуға болады. QR кодтары барлық бөлімдерде қызмет алушыларға көрінетін жерлерде орналастырылған. Абдурасул Құлдашов Алматы қаласы бойынша 8 аудандық бөлім, 4 мамандандырылған бөлім, бір көші-қон қызметі орталығы жұмыс істейтінін хабарлады.
«Осы жылдың 1 қаңтар мен 26 қыркүйек аралығында 81 156 қызмет көрсетілді. Оның ішінде «Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» бойынша 74 698 қызмет көрсетілді. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ҚР-да уақытша тұруға рұқсат беру» бойынша – 6 458 қызмет», - деп хабарлады ӨКҚ спикері.
21 қыркүйектен 26 қыркүйекке дейін «Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін 2 851 қызмет алушы жүгінді. Айта кетсек, ресейліктер Қазақстанда ЖСН-ді резидент еместер ретінде рәсімделді. «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін 474 қызмет алушы жүгінді. Сондай-ақ шетелдіктердің ХҚКО-ларға жаппай келуіне байланысты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арнайы күшейтілген ХҚКО-ларда қабылдау туралы шешім шығарды. Алматы қаласында күшейтілген ХҚКО «Құлагер» шағынауданы, Серіков көшесі, 6А (2-қабат) мекенжайында жұмыс істейді. ЖСН алуға өтінім осы Жетісу аудандық күшейтілген ХҚКО-да қабылданады. Қабылданған шаралар ХҚКО-да ЖСН алушылар кезегін азайтады. Мемлекеттік корпорация болып жатқан жағдайларды ретке келтіру үшін барлық мүмкіндікті қарастырып жатыр. Осы ретте клиенттерді түсінікпен қарауға шақырамыз. ЖСН алу үшін шетелдіктерден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі. Ал көрсетілетін қызметті алушының ресми өкілі жүгінген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және өтініші қажет болады. Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күні. Қазақстанда ЖСН алу барлығына тегін. Алматы қаласындағы ХҚКО-лар штаттық режимде дүйсенбі - жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚКО-лар сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істеп жатыр. Қызмет алушылар «Мобильді ХҚКО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электронды үкімет порталы және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ХҚКО-ға кезекке тұру үшін алдын ала тапсырыс бере алады.