Жұма, 2 Желтоқсан, 2022

Ресейден келген екі дәрігер Оралдағы ауруханаға жұмысқа қабылданды

Ресейден келген дәрігерлерге оралдық ауруханалар 500-600 мың теңге көлемінде жалақы төлеуге дайын. Өйткені өңірде хирургтар, анестезиолог-реаниматологтар жетіспейді деп хабарлады turkystan.kz Аstanatv.kzке сілтеме жасап.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, қазір Ресейден келген екі дәрігер – эндоскопист пен инфекционистің құжаттары рәсімделіп жатыр. Үшінші маман шекарада тұр дейді. Оның да құжаттары реттелген соң, жұмысқа кіріспек. Барлық процедура заңға сәйкес жүргізілуде. Аурухана басшылығы   жаңа қызметкерлердің тұрмыстық мәселесін шешуге де тырысамыз деп отыр.

Надия АХМЕТОВА, БҚО ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

 – Жұмыс өтілдері бар: біреуінде – 8 жыл, біреуінде – 12 жыл, шекарадан келетінінде 15 жыл бар. Біздің беретін жалақыны олардың алған жалақысымен салыстырғандай бірдей болып тұр. Сондықтан біздің жалақы олардың жалақысынан түк те аз емес. Сапалы жұмыс істесең, толық жұмыстансаң, жалақы да болады, бәрі де болады.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button