Қытай сутегі отынымен ұшатын ұшақты сынақтан өткізді
Қытай сутегі отынымен ұшатын ұшақты сынақтан өткізді
Қытай сутегі отынымен ұшатын ұшақты табысты сынақтан өткізген үшінші мемлекет атанды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Кэчжи жибао" газетінің жазуына қарағанда, аталмыш ұшақты Ляонин провинциясының ғалымдары Қытайдың екі орындық RX1E электр ұшағының негізінде жасап шығарған. Сутегі отынымен ұшатын әуе көлігінің Шэньян қаласында сыналған. Басылымның хабарлауынша, сынақ кезінде ұшақтың үшу биіктігі жер бетінен 320 метр қашықтыққа дейін жеткен.
Еске сала кетейік, бұған дейін тек АҚШ пен Германия ғана сутегі отыны элементтерін пайдаланатын өз ұшақтарын сынап көрген болатын.