Бюджетке 300 млн теңге залал келтірген компания басшысы ұсталды

Бюджетке 300 млн теңге залал келтірген компания басшысы ұсталды

Бюджетке 300 млн теңге залал келтірген компания басшысы ұсталды
ашық дереккөзі
Қаржылық мониторинг агенттігі ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен «Ас-Ай» ЖШС-нің басшысы Асқар Асайұлы Омарды ұстады деп хабарлады turkystan.kz. А.Омар «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан келтірілген залалды өндіріп алу кезінде жеткізу көлемі туралы жалған мәліметтерді және аудиторлардың жалған қорытындыларын пайдаланды. Квазимемлекеттік компанияның заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 300 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Ұрланған қаражатқа А. Омар Астанада құны 125 млн теңге қымбат пәтер мен Range Rover автокөлігін 60 млн теңгеге сатып алды. Сондай-ақ А. Омар қаражатты көлеңкелі айналымға шығару үшін номиналды заңды тұлғалардан 1,3 млрд теңгеге жалған шот-фактураларды пайдаланды. Осыған байланысты 285,6 млн теңгеге салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Тергеу жалғасуда, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.