Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК 28 қыркүйекте бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Қарағанды облысында 28 қыркүйекте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады.

Астана қаласында кей уақыттарда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады. Жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Павлодар облысының оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28-29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), 29 қыркүйекте облыстың солтүстік-батысында тұман түседі.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button