Жаңалықтар

«AMANAT» партиясында аграрлық секторды субсидиялау мәселесі талқыланды

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясында аграрлық секторды субсидиялау мәселесі талқыланды

Аграрлық секторды субсидиялау, ауыл тұрғындарының табысын арттыру және инвестициялық жобаларды іске асыру. Осы және өзге де өзекті мәселелер Мәжілістегі партия депутаты Қайнар Абасовтың төрағалығымен өткен «AMANAT» партиясы жанындағы Агроөнеркәсіптік комитеттің отырысында талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесіне қатысты бірқатар міндет қойған болатын. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, осы саладағы субсидиялардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін оны алушыларға бірқатар міндеттемелер енгізу жоспарланып отыр. «Бұл өз өндірісінің өнімін жыл сайын кемінде 3%-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету (форс-мажор жағдайларды қоспағанда), еңбек өнімділігін жыл сайын арттыру және негізгі капиталға инвестиция құюды қамтамасыз ету», – деді министр.