Жұма, 2 Желтоқсан, 2022

Шетелдіктерге пәтерін жалға берушілер қандай жағдайда айыппұл төлейді?

Қазақстанда тұрғын үй иелері шетелдіктерге заңсыз жалға пәтер бергені үшін жазалануы мүмкін. Алғашында ескерту беріледі. Ескерту еленбеген жағдайда 92 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді.

Пәтерді қалай заң жүзінде жалға беру керек:

  1. Көші-қон полициясына хабарлама жіберіңіз.

Егер сізден шетелдік азамат пәтер жалдағысы келсе, онда бұл туралы үш жұмыс күні ішінде Көші-қон полициясына хабарлама жіберуге міндеттісіз.

Хабарламаларды төмендегі жерлерде беруге болады:

– vmp.gov.kz – ҚР визалық-көші-қон порталы. ЭЦҚ болған жағдайда;

– E-qonaq қосымшасы арқылы;

– ХҚКО-да, тұрғылықты жері бойынша Көші-қон қызметінде.

Егер бұл талаптар орындалмаса, ескерту жіберіледі.

Сондай-ақ Көші-қон заңнамасын бұзып, пәтер жалдап тұрған шетелдікке де жаза қарастырылған. Ең бірінші 25 АЕК (76.5 мың тг) айыппұл салынады. Бір жылда қайталап бұзғаны үшін – 30 АЕК (91.9 мың тг).

Шетелдіктер келу және кету мерзімін бұзған жағдайда айыппұл төлейді:

— үш тәулік ішінде ескерту алады;

— үш тәуліктен бес тәулікке дейін – 31 800 тг (10 АЕК).

Қазақстанда 10 тәуліктен астам уақыт заңсыз болғаны үшін – 79 500 теңге айыппұл салынады немесе елден шығарылады.

  1. Пәтерді 90 күннен аспайтын мерзімге жалға беру қажет.

Тұрғын үйді шетелдікке немесе қазақстандыққа жалға берудің айырмашылығы жоқ.

Мысалы, «елімізде ресейліктер қанша уақыт визасыз жүре алатынын ескеру қажет. Егер шетелдік азамат Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алса, жалға беру келісімшартын 90 күнге жасасуды ұсынамын», – деп түсіндірді заңгер Бақыт Қасымбеков.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің азаматтары Қазақстанда 90 күн бойы, басқа мемлекеттердің азаматтары 30 күн бойы визасыз бола алады. ЕАЭО құрамына: Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Армения кіреді. Содан кейін олар ҚР аумағынан кетуге немесе ұзақ мерзімге қалуды жоспарласа, Көші-қон қызметінен уақытша тұруға рұқсат алуға тиіс.

Уақытша тұруға рұқсатты iшкi iстер органдары өтiнiш негiзiнде (ерiктi нысанда) мынадай адамдарға:

  • отбасына біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасында тұруға құқығы бар көшіп келушілерге;
  • білім алу мақсатында келгендерге қабылдаушы білім беру ұйымы растаған жағдайда оқуды аяқтауға кажеттi, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге жыл сайын ұзартып отырады. Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің уақытша тұруына арналған рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес берiледi;
  • шетелдік жұмыскердің жұмысқа орналасуы мақсатында бір жыл мерзім рұқсат беріледі;
  • көшіп келушінің немесе оның жақын туысының ауыр сырқатына байланысты, сондай-ақ форс мажорлық жай-күйлердiң туындауына байланысты ұзартылады.
  • Мерзімді ұзарту бір жылдан аспайды. Өтінішті 90 күн өткенге дейін жіберу керек.

Егер шетелдік азамат «уақытша тұру рұқсатын алмаса» немесе «тұруға ықтиярхат алмаса» онда жалға беру келісімшарты бұзылуы тиіс.

  1. Жалға беру келісімшартын жазбаша түрде жасаңыз.

Жазбаша форматта болу – міндетті. Бұл болашақта төлем немесе мүлік проблемалары туындаған кезде меншік иесінің құқықтарын қорғауға көмектеседі. Бірақ нотариустың растау қағазын алу қалауыңызға байланысты.

  1. Жалдау ақысын тек теңгемен көрсетіңіз.

ҚР Ұлттық валютасы — теңге болғандықтан, барлық шарттарда, құжаттарда мәміле сомасы, жалдау ақысы тек теңгемен көрсетілуі тиіс.

Жалдау шартының және мүлікті қабылдау-беру актісінің үлгісі – осында.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button