Ақан Сатаев «Қазақфильм» президенті қызметінен кетті

Ақан Сатаев «Қазақфильм» президенті қызметінен кетті

Ақан Сатаев «Қазақфильм» президенті қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаев Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті қызметінен кетті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. 
«Қымбатты достар, осы жазбам арқылы талантты және табысты режиссер Ақан Сатаевқа «Қазақфильм» АҚ президенті ретіндегі қажырлы, жемісті еңбегі үшін алғысымды білдіргім келеді. Бүгін Ақан Қарғамбайұлы өз еркімен аты аңызға айналған киностудияның басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Оның алдағы шығармашылық жолы біздің кинематографымыздың дамуына үлес қосатын серпінді жобалармен толығатынына сенімдімін» деп жазды министр. 
Айта кетейік, Ақан Сатаев 2020 жылы «Қазақфильм» АҚ президенті болып тағайындалған болатын. Режиссер 2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалап, 2007 жылы «Рэкетир» атты алғашқы толықметражды фильмін, «Адасқан» мистикалық триллерін (2009), «Ағайынды» сериалын (2009), «Ликвидатор» психологиялық драмасын (2011), «Жаужүрек Мың бала» тарихи фильмін (2012) түсірді. Сондай-ақ «Районы» криминалдық драмасы мен «Анаға апарар жол» тарихи драмасының (2016), «Бизнесмены» (2018), «Томирис» (2019) жəне тағы басқа туындылардың режиссері.