Астанада даяшылар сынға түсті

Астанада даяшылар сынға түсті

Астанада даяшылар сынға түсті
ашық дереккөзі
Елордадағы мейрамханалардың бірінде Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» ЖРО» КММ мен Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік даяшы – 2022» байқауы өтті деп хабарлады turkystan.kz. 4 кезеңнен тұратын байқау барысында даяшылар біліктілігін көрсетіп, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Қатысушылардың жұмысын мейрамхана басшысы Әнел Мұсағалиева мен бас аспаз Алексей Ким бағалады.  width=
Байқаудың мақсаты – осы қызмет саласындағы жастардың кәсіби дағдыларын жетілдіру және қонақтарды күту қызметін жақсарту. Соның арқасында мейрамханалардағы келушілердің саны артып, тамақтану саласындағы мамандардың кәсіби шеберлігіне көңіл аудару, – деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Шыңғыс Тілеулин.
 width= Сайыс қорытындысы бойынша, жүлдегерлерге қаржылай сыйлық және сертификат табысталды. 1-орын алған қатысушыға 500 мың, 2-орынға 350 мың, 3-орынға 150 мың теңге берілді. «Ең жас даяшы» атағын Диана Азатова иеленсе, Ерасыл Тоғанбаев «Харизмасы бар даяшы» номинациясына лайық деп танылды. Ал Қанат Рыспек «Болашағы жарқын даяшы» аталымы бойынша марапатталды. Жарыс кезінде жылдамдығымен, тиянақтылығымен көзге түскен Ира Сұлтанғазина «Үздік даяшы – 2022» байқауының жеңімпазы атанды.