Орталық клиникалық аурухананың нейрохирургтері ми эмболизациясын жүргізді

Орталық клиникалық аурухананың нейрохирургтері ми эмболизациясын жүргізді

Орталық клиникалық аурухананың нейрохирургтері ми эмболизациясын жүргізді
ашық дереккөзі
Орталық клиникалық аурухана нейрохирургтері 37 жастағы пациентке ми эмболизациясын жүргізді. Бұл туралы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының баспасөз хатшысы Гүлжан Қалиқызы Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. 
«Күретамыр - көктамырлық мальформация – мидың немесе жұлынның ирелеңдеген қан тамырларының патологиялық шоғырлануын білдіреді. Қалыпты жағдай бойынша тамырлар кислородқа және қоректік заттарға бай қанды ағза бойымен тасымалдап жүреді, күретамыр-көктамырлық мальформация тамырларындағы қанның құрамында бұл элементтер тапшы болады», - деді ол.
Күретамыр-көктамырлық мальформацияның алғашқы белгілер жиынтығы:
  • қалшылдау синдромы;
  • естен тану;
  • айқын сезілетін бас ауруы;
  • көру қабілетінің төмендеуі.
«Бұл науқас әлсін-әлсін қалшылдап, қатты басы ауыратын, біртіндеп көруі де әлсірей бастаған еді. Кейін Ташкентке барып, дәрігерге қаралған. Ол жақтан Өзбекстандағы біздің әріптестеріміз Қазақстанға келіп, Алматыдағы біздің клиникаға емдеуге жатқызу бюросының порталы бойынша тегін емделуді ұсынды. Операция жоспарлы түрде жүргізілді, науқастың жағдайы жақсарып, үйіне шығып та үлгерді» деп жазды Гүлжан Қалиқызы.