Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны алғашқы төлқұжатын алды

Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны алғашқы төлқұжатын алды

Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны алғашқы төлқұжатын алды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны алғашқы төлқұжатын алды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Құжаттарды рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау мақсатында акция өткізілуде. Төле би АПБ-ның көші-қон қызметі полицейлері құжатсыз азаматтарды анықтау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер отбасылық жағдайына және басқа да себептерге байланысты жеке басын анықтайтын төлқұжатын ала алмай жүрген тұрғынды анықтап, оған заңға сәйкес қызмет көрсетті. 57 жастағы Фазлиддин Таштемиров есімді азамат осы уақытқа дейін отбасындағы кейбір себептерге байланысты төлқұжатсыз жүрген. Тәртіп сақшылары Фазлиддиннің мұрағаттағы іс құжаттарын толықтай жинады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынға ҚР-ның азаматы екенін анықтайтын төлқұжатты табыстады.