Жаңалықтар

Президент Сарыағаш ауданына перзентханасы бар медициналық кешен салуды тапсырды

ашық дереккөзі

Президент Сарыағаш ауданына перзентханасы бар медициналық кешен салуды тапсырды

Президент Сарыағаш ауданына перзентханасы бар медициналық кешен салуды тапсырды деп хабарлады turkystan.kz. «Оңтүстіктегі 6 ауданда 900 мыңға жуық адам тұрады. Демографиялық өсім бойынша Сарыағаш ауданы көш бастап тұр. Сондықтан осы ауданда перзентханасы бар медициналық кешен салуды тапсырамын. Оған қажетті қаржыны республикалық бюджеттен бөлу керек. Мұның бәрі тұрғындардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізері сөзсіз», - деді Президент. Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.